Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 03.07.2023
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 наурыздағы № 145 Қаулысы
Осы Қаулы 2023 жылғы 3 шілдеден бастап күшін жойды ҚР Үкіметінің 20.06.2023 жылғы № 489 Қаулысына сәйкес 
Редакция 15.04.2017 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Агроенеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 31.12.2015 жылғы № 1164 Қаулысына сәйкес (23.09.2011 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
1. Қоса беріліп отырған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2010 жылғы 1 наурыздағы
 № 145 қаулысымен
 бекітілген
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесі
Тізбе жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 23.09.2011 № 1089 (01.03.2010 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
Тізбе жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 27.03.2017 № 137 Қаулысына сәйкес (31.12.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.04.2017 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Р/с
Тауардың атауы
1 Бірінші сортты бидай ұны
2 Бірінші сортты ұннан жасалған бидай наны
3 Макарон өнімдері: вермишель, рожки, кеспе
4 Жармалар: қарақұмық, сұлы, ұнтақ, арпа және тары
5 Тазартылған күріш
6 Картоп
7 Жаңа піскен көкөністер: асханалық сәбіз, басты пияз, ақ қауданды қырыққабат, асханалық қызылша
8 Ақ қант - құмшекер
9 Өсімдік майы - күнбағыс майы
10 Ет: сиыр еті (жауырын-төс бөлігі), қой еті сүйектерімен, тауық еті, тауық саны
11 Сүт: пастерленген, майлылығы 2,5% және 3,2%
12 Айран: майлылығы 2,5% және 3,2%
13 Сүзбе: майлылығы 5-9%
14 Мәйекті қатты ірімшік
15 Сары май:
- тұздалмаған, майлылығы 72,5% кем емес, толықтырғыштар және өсімдік майлары жоқ;
- өсімдік-сары, сүт майы 49% дейін (спрэд)
16 І-ІІ санатты тауық жұмыртқасы
17 Ac тұзы («Экстра»-дан басқа)
18 Шай - қара, түйіршіктелген
Полная версия
ИС BestProfi