Қазақстан Республикасында халықты туберкулезден қорғаудың шұғыл шаралары туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 4 қыркүйектегі N 839 қаулысы Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
ҚР Үкіметінің 1998 жылғы 4 қыркүйектегі № 839 Қаулысының 11-тармағын қоспағанда күшін жойды ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 1261 Қаулысымен.
1. Облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының және аудандардың әкімдері туберкулезбен күрес жөніндегі облыстық, қалалық және аудандық кеңестерді, олар туралы Ережелер мен олардың жеке құрамын бекіте отырып ұйымдастыратын болсын. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 02.04.2003. № 317 қаулысымен, 1-абзацтың күшін жойды - 01.09.2004. № 922 қаулысымен. (22.05.1999 жылғы редакцияны қараңыз)
бір ай мерзім ішінде туберкулезбен күрес жөніндегі кеңестердің отырыстарында туберкулезге қарсы жұмыстардың жай-күйі туралы мәселені туберкулездің одан әрі таралуына жол бермеуді қамтамасыз ететін нақты шараларды қабылдай отырып қарайтын болсын;
облыстық бюджеттен жыл сайын медициналық құрал-жабдықтар сатып алуға және туберкулезге қарсы мекемелерді күрделі жөндеуден өткізуге арналған орталықтандырылған қаражат бөлуге ұсыныс жасасын;
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі органдарымен бірлесе отырып туберкулездің микробактерияларын бөліп шығаратын ауруларды ауруханаға жатқызу және стационарларда емдеу жөніндегі мәселелерді, сондай-ақ осы стационарлардың аумағын қорғауды ұйымдастыру мәселелерін заңда белгіленген тәртіппен қарайтын және шешетін болсын;
Туберкулездің микробактерияларын бөліп шығаратын туберкулездің белсенді түрімен ауырғандарға мемлекеттік тұрғын үй қорынан бөлінетін тұрғын үй алаңын берген кезде Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынасы туралы" Заңының 118-бабының талаптарын басшылыққа алатын болсын.
туберкулезге қарсы препараттар мен медициналық құрал-жабдықтарды орталықтандырылған сатып алуға бюджеттік қаражат бөлуді жыл сайын қарастырып отыратын болсын;
4. Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрлігі 1998 жылдың соңына дейін ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарының арасында туберкулез бен бруцеллездің алдын алу және оған қарсы күрес бағдарламасын жасап, белгіленген тәртіппен Үкіметтің бекітуіне енгізетін болсын.
меншік түріне қарамастан мал шаруашылығы өнімдерін өндірумен және сатумен айналысатын жеке және заңды тұлғалардың белгіленген ветеринарлық- санитарлық талаптарды сақтауын;
Қазақстан Республикасының азаматтығын алу мақсатында Қазақстан Республикасына келген адамдарды туберкулезге қарсы міндетті флюрографиялық тексеруден өткізуді қамтамасыз етсін;
тергеу оқшаулауларындағы тергеуге алынған адамдарды - түскен кезінде және жарты жыл сайын, түзету мекемелеріндегі сотталғандарды - жылына екі рет міндетті флюрографиялық тексеруден өткізуді қамтамасыз етсін;
республикалық бюджетте қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерін ұстау үшін қарастырылған қаражаттың шегінде Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарының еңбекпен түзеу колонияларында туберкулезбен ауыратын сотталғандарды емдеуге арналған мамандандырылған бөлімшелер ашсын.
6-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 02.04.2003. № 317 қаулысымен. (22.05.1999 жылғы редакцияны қараңыз)
әскери қызметкерлер арасында туберкулезбен ауыратындар анықталған жағдайда, оларды қызмет етіп жатқан жеріндегі аумақтық туберкулезге қарсы мекемелерге емдеуге жіберіп, соңынан толық емделіп шыққаннан кейін, сараптама шешім шығару үшін, таяу маңдағы әскери-емдеу мекемесіне ауыстырсын.
7-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 02.04.2003. № 317 қаулысымен. (22.05.1999 жылғы редакцияны қараңыз)
барлық туберкулезге қарсы мекемелерде ерте бактериологиялық диагностика әдістері мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының әдістемесі бойынша туберкулездің бақыланатын қысқа мерзімді химиялық терапиясын енгізсін.
8-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 02.04.2003. № 317 қаулысымен. (22.05.1999 жылғы редакцияны қараңыз)
9. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірге Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келісе отырып туберкулезге қарсы мекемелердің қызметкерлері мен ғылыми қызметкерлерінің лауазымдық жалақысына (тарифтік ставкасына) жұмыстың жұқпалылық сипатына байланысты 30-проценттік үстеме ақы қосуды кезең- кезеңмен енгізу мәселесін қарасын.
9-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 02.04.2003. № 317 қаулысымен. (22.05.1999 жылғы редакцияны қараңыз)
10. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгi дәрігер-мамандарға эфирлік уақытты тегін бере отырып халық арасында туберкулездің алдын алу бойынша санитарлық-гигиеналық білімді кеңінен насихаттауды, тұрақты жұмыс істейтін айдар ашуды қамтамасыз етсін.
10-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 02.04.2003. № 317 қаулысымен, 20.03.2004. № 364 қаулысымен, 28.01.2005. № 73 қаулысымен. (22.05.1999 жылғы редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі тоқсан сайын сол тоқсаннан кейінгі айдың 15-ші күнінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне осы қаулының орындалуы туралы ақпарат беріп отыратын болсын.
12-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 02.04.2003. № 317 қаулысымен. (22.05.1999 жылғы редакцияны қараңыз)