Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 21.04.2011 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Соттардың қылмыстардың қайталануы туралы заңдарды қолдануы туралы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2007 жылғы 25 желтоқсандағы N 8 Нормативтік қаулысы
Қылмыстың қайталануы және осыған байланысты құқықтық салдарларды анықтайтын қылмыстық заңдарды дұрыс және біркелкі қолдану мақсатында, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етті:
1. Үкімде көрсетілген қылмыстың ауырлығына және жаза түріне қарамастан, бұрын жасаған қасақана қылмыстары үшін алынбаған және жойылмаған соттылығы бар адамның жаңадан қасақана қылмыстар жасауы қылмыстың қайталануы деп танылады. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі - ҚК)  13-бабына  сәйкес, қылмыстардың қайталануы, сонымен қатар қауіпті және аса қауіпті болып бөлінеді. Басты сот талқылауында қылмыстық істі қарау нәтижелері бойынша айыптау үкімін шығару кезінде сот қылмыстың қайталануының қандай түрінің бар екенін анықтайды.
2. Сотталушының әрекетінде қылмыстың қайталануын анықтап, ол бойынша тиісті шешім қабылдау соттың құқығы емес міндеті болып табылады. Сондықтан заңда көзделген негіздер бар барлық жағдайларда, сот үкімнің сипаттамалы-дәлелдемелі бөлігінде алынбаған және жойылмаған соттылықтарды, бұрынғы және жаңадан жасалған қылмыстардың ауырлығын көрсете отырып тиісті негіздерді келтіруі және ҚК  13-бабының  тиісті бөлігі мен тармағына сілтеме жасап, қылмыстың қайталануының қандай түрінің анықталғаны туралы шешімді үкімнің қарар бөлігінде көрсетуі тиіс. 
Егер сот үкімнің дәлелдемелі бөлігінде қылмыстың қайталануын тану үшін негіздерді келтіре отырып, үкімнің қарар бөлігінде сотталушының әрекеттерінде қылмыстың қайталануының тиісті түрін тану туралы шешімін көрсетпесе, онда сот осы үкіммен қылмыстың қайталануын танымаған деп есептеу қажет.
3. Қазақ КСР Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі - Қаз.КСР ҚК) 23-1-бабына сәйкес, адамды бұрынғы үкім бойынша аса қауіпті қылмыскер деп тану, сонымен қатар ҚК  13-бабының  негізінде бұрынғы үкімдермен сотталушының әрекетінде қылмыстың қайталануын тану немесе танымау, сотты жаңа қылмыс туралы істі қарау кезінде қылмыстың қайталануының бар екендігі, оның түрі туралы мәселені қарау және тиісті дәлелді шешім қабылдау міндетінен босатпайды.
4. Қылмыстың қайталануын таныған және оның түрін анықтаған кезде әрбір сотталушылардың бұрынғы соттылықтарына қатысты мән-жайларды мұқият анықтау қажет. Атап айтқанда: сотталушының қылмыс жасаған сәттегі жасын, бұрын сотты болған қылмыстардың санатын, сот үкімі бойынша белгіленген жаза түрін, үкім бойынша тағайындалған жазаның іс жүзінде өтелген-өтелмегенін, үкім бойынша тағайындалған жазаның басқа жазамен ауыстырылған-ауыстырылмағанын және сотталған адам неге байланысты, қашан және қандай негіздер бойынша жазаны өтеуден босатылғанын, бұрынғы соттылығы алынғанын немесе жойылғанын анықтау қажет.
5. Айыпталушының жауапкершілік дәрежесі мен сипатына әсер ететін мән-жайларды анықтауды және дәлелдеуді міндеттейтін ҚІЖК  117-бабы  бірінші бөлігінің 4) тармағына және  207-бабы  бірінші бөлігінің 2) тармағына сәйкес, алдын ала тергеу органдары айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы қаулыда және айыптау қорытындысында айыпталушының қандай қылмыстың қайталануы кезінде қылмыс жасағандығын көрсетуі және мұны қылмыстық істің материалдарына бұрынғы жойылмаған және алынбаған соттылықтары туралы үкімдердің көшірмелерін, олардың заңды күшіне енген күнін көрсетіп, ал егер үкімдер өзгертілсе, онда жоғары тұрған сот сатылары қаулыларының көшірмелерін, сондай-ақ жазадан босатылғандығы туралы, бұрынғы үкімдері бойынша соттылықтың алынғандығы туралы мәліметтерді тіркеуі қажет. Басқа мемлекеттердің үкімдері негізінде соттылықтары бойынша іс материалдарында ол туралы ресми анықтамалардың тіркелгені жеткілікті болып саналады. Айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы қаулыда немесе айыптау қорытындысында қылмыстың қайталануын танудың негіздерін көрсетпеу, соттың үкім шығару кезінде қылмыстың қайталануын тану үшін кедергі болып табылады. 
Қылмыстық істің материалдарында сотталушының бұрынғы соттылықтары туралы деректер жеткіліксіз болған жағдайда соттар оларды айыптаушы тараптан сұратуы қажет. Үкімдердің көшірмелерін және сотталушылардың бұрынғы соттылықтары туралы басқа да мәліметтерді соттардың алмауы істі қосымша тергеуге жіберу үшін негіз бола алмайды. Аталған материалдар болмаса және оларды алу мүмкін болмаған жағдайда сотталушының әрекеттерінде қылмыстың қайталануын тануға жол берілмейді және бұл туралы соттар үкімде көрсетулері керек.
6. ҚК  13-бабының  төртінші бөлігіне сәйкес, адамның 18 жасқа толғанға дейін жасаған қылмысы үшiн соттылығы қылмыстың қайталануын тану кезiнде ескерiлмейдi. Осыған байланысты, соттар адамның бұрынғы сотталуына байланысты мән-жайларды зерттеп, сотталушы үкімде көрсетілген қылмыстарды жасағанда кәмелетке толған-толмағанын анықтау үшін үкімнің қарар бөлігінде ғана емес, сонымен қатар оның толық мәтінінде көрсетуі тиіс.
7. ҚК  77-бабының  бірінші бөлігіне сәйкес, айыптау үкімі заңды күшіне енген күннен бастап адамның соттылығы бар деп танылады, сондықтан бұрынғы үкімі заңды күшіне енгенге дейін адам жаңа қылмыс жасаған кезде оның бұрынғы үкім бойынша соттылығы қылмыстың қайталануының түрін анықтау үшін ескерілмейді.
8. ҚК  13-бабының  төртінші бөлігіне сәйкес, алынып тасталған немесе жойылған соттылықтар қылмыстың қайталануын анықтау үшін ескерілмейді. Сондықтан қылмыстың қайталануы туралы мәселені шешкенде бұрынғы соттылықтардың жойылу мерзімінің өткен-өтпегені есепке алынып, тексеріліп және оның жойылу мерзімін ҚК  77-бабының  талаптарына сәйкес есептеу қажет. 
Бұл ретте, ҚІЖК  375-бабының  алтыншы тармағында көрсетілген негіздер бойынша айыптау үкімімен жазадан босатылған адамның ҚК  77-бабының  екінші бөлігіне сәйкес соттылығы жоқ деп танылатындығы назарға алынуы тиіс (осы үкіммен сотталушыға тағайындалған жазаны қолданудан босататын рақымшылық актісінің шығуына байланысты, не үкім бойынша тағайындалған жаза мерзімінің осы іс бойынша қамауда болған уақытын қамтуына байланысты). 
Үкімді орындау барысында адам рақымшылық актісінің негізінде немесе заңда көзделген басқа негіздер бойынша жазаны өтеуден босатылса, мұндай адамның соттылығының жойылу мерзімі ҚК  77-бабының  төртінші бөлігіне сәйкес есептеледі.
9. Егер ҚК  63-бабы  қолданып, адам шартты түрде сотталып, оған қосымша жаза тағайындалса, онда соттылықтың жойылу мерзімі сынақ мерзімі мен қосымша жаза мерзімінің ұзақтығына және оның іс жүзінде өтелуіне байланысты есептеледі. Бұл ретте шартты түрде сотталғанда сынақ мерзімі қосымша жаза мерзімінен көп болса немесе сынақ мерзімі қосымша жаза мерзімімен тең болса, онда соттылық сынақ мерзімі өткеннен кейін ҚК  77-бабы  үшінші бөлігінің а) тармағының негізінде жойылады. Егер қосымша жаза мерзімі сынақ мерзімінен көп болса, онда соттылықтың жойылу мерзімі ҚК  77-бабы  үшінші бөлігінің в) тармағы бойынша қосымша жаза мерзімі өтелгеннен кейін бір жыл өткеннен кейін есептеледі.
10. Қылмыстардың бірі кәмелетке толмағанда, ал басқа қылмысы он сегіз жасқа толғаннан кейін жасалған қылмыстардың жиынтығы бойынша сотталғанда әрбір қылмыс үшін соттылықтың жойылу мерзімі, қылмыстар жиынтығы бойынша тағайындалған жаза өтелгеннен кейін жеке: біріншісі - ҚК  86-бабының  ережелері, басқасы - ҚК  77-бабының  ережелері бойынша есептеледі. 
Мұндай жағдайларда кәмелетке толғанда жасалған қылмысы қылмыстар жиынтығына кіретін соттылық есепке алынады. 
Егер жаңа қылмысты жасаған сәтте адамның кәмелетке (18 жасқа) толғаннан кейін жасаған қылмысы үшін соттылығының жойылу мерзімі өтпеген жағдайда ғана осы соттылық қылмыстың қайталануын тану кезінде назарға алынады. 
Адамды түрлі ауырлықтағы бірнеше қылмыстарды жасағаны үшін соттаған кезде, оның ішінде қылмыстардың бірі қасақана, ал басқалары - абайсызда жасалған болса, қылмыстардың жиынтығы бойынша тағайындалған жазаны өтегеннен кейін соттылықтың жойылу мерзімі ҚК  77-бабы  үшінші бөлігінің тиісті тармақтары бойынша олардың әрқайсысы үшін жазаны іс жүзінде өтегеннен кейінгі мерзімге сүйене отырып, әрбір қылмыс үшін жеке есептеледі.
Полная версия
ИС BestProfi