Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 13.11.2007 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге шығу ережесі туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 26 шілде N 1010
"Халықтың көшi-қоны туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Заңын орындау үшiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматтарының еркiн қозғалысы құқықтарын iске асыру, елден шығу мәселелерiн реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiліп отырған Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге шығу ережесi бекітілсiн.  
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi, Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетiмен келiсiм бойынша өздерiнiң нормативтік құқықтық кесiмдерін осы қаулыға сәйкес келтiрсiн.  
1) "Қазақстан Республикасына келу және Қазақстан Республикасынан кету туралы уақытша ереже туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 29 қыркүйектегі N 813  қаулысының  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1992 ж., N 37, 569-құжат);  
2) "Қазақстан Республикасына келу және Қазақстан Республикасынан кету туралы уақытша ереже туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнің 1992 жылғы 29 қыркүйектегі N 813 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 24 наурыздағы N 228    қаулысының    (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1993 ж., N 9, 107-құжат);  
3) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгертулер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 31 қазандағы N 1408  қаулысының  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 33, 428-құжат) күші жойылды деп танылсын.  
4. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енедi. 
Қазақстан Республикасы Yкiметінің
 2001 жылғы 26 шілдедегі
 N 1010 қаулысымен
 БЕКIТIЛГЕН
Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге шығу ЕРЕЖЕСІ
  1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының  Конституциясына,   "Халықтың көшi-қоны туралы",  "Мемлекеттiк құпиялар туралы",  "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiгi туралы"  Қазақстан Республикасының Заңдарына, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге шығу тәртiбiн айқындайды.  
2. Қазақстан Республикасының әрбiр азаматы Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге шығуға және Қазақстан Республикасына кедергiсiз қайта оралуға құқылы. Шығу және қайта оралу Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты бойынша жүзеге асырылады.  
3. Қазақстан Республикасының азаматына Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негiздер бойынша Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге шығуына рұқсат беруден уақытша бас тартылуы мүмкiн. 
3-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 31.05.2006. № 479 қаулысымен. (26.07.2001 жылғы редакцияны қараңыз)
4. Мемлекеттiк құпияларға қол жетiмдiлiгiне байланысты өзiнiң Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге шығуын мүмкiндiгiнше шектеу жөнінде өзiне мiндеттемелер алған және шекарадан тысқары шығуға ниет бiлдiрген Қазақстан Республикасының азаматтары (бұдан әрi - құпиялықты сақтаушылар) сапарының мақсатына қарамастан, көрсетілген мiндеттемелерге өздерi қол қойған мемлекеттiк органдардың немесе басқа ұйымдардың (бұдан әрi - ұйымдар) басшыларынан алдын ала шығуға рұқсат алуға мiндетті.  
Ұйымдар қайта ұйымдастырылған жағдайда, құпиялықты сақтаушылар Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығу мүмкiндiгі туралы шешiмдi, олардың құқықтық мұрагерлерi болып табылатын ұйымдардың басшылары қабылдайды.  
Құпиялықты сақтаушылардың шығуына рұқсат беру туралы шешiмдi құпиялықты сақтаушылар алған мiндеттемелердi және олардың мемлекеттік құпияларды құрайтын мәлiметтермен нақты хабарланғанын ескере отырып, ұйымдардың басшылары қабылдайды.  
Полная версия
ИС BestProfi