Қазақстан Республикасының " Техникалық реттеу туралы " 2004 жылғы 9 қарашадағы және " Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы " 2007 жылғы 21 шілдедегі заңдарын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Внимание! Документ утратил силу с 03.02.2017
"Шырындар мен шырын өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 27 ақпандағы N 199 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2017 жылғы 3 ақпаннан бастап ҚР Үкіметінің 30.01.2017 жылғы № 29 Қаулысына сәйкес
Редакция 23.07.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған "Шырындар мен шырын өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті бекітілсін.
2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 27 ақпандағы N 199 қаулысымен бекітілген
"Шырындар мен шырын өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті
1. Жалпы ережелер
1. Осы "Шырын және шырын өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті (бұдан әрі - Техникалық регламент) мынадай өнімдерге қолданылады:
жеміс және көкөніс шырындары;
тікелей сығылған шырындар;
қалпына келтірілген шырындар;
қойылтылған шырындар;
құрғақ шырындар;
шірнелер;
құрамында шырыны бар сусындар;
морстар;
қойылтылған морстар;
Полная версия