Близость слов: Окончание:





"Кәсіби бухгалтерлерге қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 13 желтоқсандағы № 455 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 7 қыркүйектегі N 455 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 24 қыркүйекте Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6510 болып енгізілді
#$Қолданушылардың назарына! Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.
1. «Кәсіби бухгалтерлерге қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 13 желтоқсандағы № 455 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5050 тіркелген, 2008 жылғы 11 қаңтардағы № 4 (1230) «Заң газеті» газетінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кәсіби бухгалтерлерге қойылатын біліктілік талаптары:
«3-1. Аудиторға кандидаттарды аттестаттау жөніндегі біліктілік комиссиясы берген «аудитор» білігін беру туралы біліктілік куәлігі бар тұлғалар жоғарыда көрсетілген емтихандарды тапсырудан босатылады.
3-2. Diploma in the International Financial Reporting (DipIFR ACCA) дипломы бар тұлғалар халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес бухгалтерлік есеп пәні бойынша емтихан тапсырудан босатылады.».
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудиторлық қызмет әдіснамасы департаменті (А.О. Төлеуов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін жиырма бір күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Полная версия
ИС BestProfi