Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 07.07.2006 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасында сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асырудың ережесiн бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 29 шілде N 840.
"Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шiлдедегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді: 1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасында сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асырудың ережесi бекiтiлсiн. 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 29 шілдедегi N 840 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асырудың ЕРЕЖЕСI
1. Осы Қазақстан Республикасында сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асырудың ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы"  Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрi - Заң) сәйкес әзiрленген әрi Қазақстан Республикасының аумағында сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласына бақылауды ұйымдастыру мен жүргiзу жөнiндегi бiрыңғай тәртiптi белгiлейдi. 
2. Сәулет-құрылыс бақылау жүйесiне мыналар кiредi: 
1) мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлiгiнiң Құрылыс iстерi жөнiндегi комитетi мен оның облыстардағы және Астана мен Алматы қалаларындағы аумақтық бөлiмшелерi; 
2) Заңмен белгiленген өздерiнiң бақылау-қадағалау өкiлеттiктерi шегiнде - жергiлiкті сәулет және қала құрылысы органдары; 
3) құрылысты және салынған объектiнi пайдалануға қабылдауды тапсырысшының техникалық қадағалауы; 
4) жобалау құжаттамасын әзiрлеушiлердiң (авторлардың) құрылысты авторлық қадағалауы; 
5) салынған объектiлердi пайдалануға қабылдаған кезде жұмыс, қабылдау және (немесе) мемлекеттiк қабылдау комиссиялары. 
Сәулет-құрылыс бақылауы басқа мемлекеттiк органдар Заңға сәйкес жүзеге асыратын қадағалау қызметiмен сүйемелденедi. 
3. Мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылауын мыналар жүзеге асырады: 
2) Құрылыс iстерi жөнiндегi комитеттiң жергiлiктi жерлерде мемлекеттiк сәулет-құрылыс инспекциясы функцияларын орындайтын облыстардағы және Астана мен Алматы қалаларындағы аумақтық бөлiмшелерi; 
3) Заңмен белгiленген өздерiнiң бақылау-қадағалау өкiлеттiктерi шегiнде - жергілiктi сәулет және қала құрылысы органдары. 
4. Салынған объектiнi пайдалануға берудiң дайындық деңгейiн бағалау жөнiндегi қабылдау және жұмыс комиссияларының жұмысын ұйымдастыру тәртiбi Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiткен Салынған объектiлердi (кешендердi) пайдалануға қабылдау жөнiндегi қабылдау және жұмыс комиссияларының өкiлеттiктерiн, мiндеттерiн, сондай-ақ мiндеттi құрамын белгiлеу ережесiмен анықталады. 
Мемлекеттiк қабылдау комиссияларының жұмыс тәртiбi және құрамы Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiмен белгiленедi. 
5. Мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау органдары (қызметтерi, 
лауазымды адамдары) жүзеге асыратын бақылау-қадағалау қызметi 
тапсырысшыдан (меншiк иесiнен), жобаларды әзiрлеушiлерден, келiсiм берген 
сатылардан, құрылыс-монтаж жұмыстарын жүзеге асыратын мердiгерлерден (бас 
мердiгерлерден), осы объектiлердiң құрылысына қолданылатын құрылыс 
материалдарын (бұйымдарын, құрастырмаларын) және жабдықтарын 
өндiрушiлерден құрылыстың сапасы үшiн жауапкершiлiктi алып тастамайды. 
     
6. Осы Ережеде мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
     1) құрылыс объектiлерi - ғимараттар, сондай-ақ ауқымды, жайпақ және 
желiлік құрылыстар:
     тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы; 
     инженерлiк тораптарды қоса алғанда, коммуналдық мақсаттағы;
     автомобиль жолдары мен темiр жолдар және олардың инфрақұрылымдары;
     әуе және су көлiгiне арналған; 
     көпiрлер жол құбырлары, туннельдер, өнiм құбырлары және инженерлiк 
құрылыстары бар электр беру желiлерi;
     телекоммуникациялық және ғарыштық байланыстар;
     атом энергетикасына арналған ғимараттар мен құрылыстарды қоса 
алғанда, энергетика;
     кен өндiру өнеркәсiбiне арналған ғимараттар мен құрылыстарды қоса 
алғанда, өнеркәсiптiк;
     ауыл шаруашылығы, су шаруашылығы, ирригациялық және (немесе) 
гидротехникалық мақсаттағы;
қорықтардағы, қаумалдардағы, балық питомниктерiндегi, орман, аңшылық және басқа алаптардағы тұрғын, өндiрiстiк және қосалқы шаруашылық мақсаттағы; 
Полная версия
ИС BestProfi