1. Сақтандыру өздерiне сақтанушылар төлеген сақтану төлемдерiнен, сондай-ақ заңдарда тыйым салынбаған өзге де төлем көздерiнен сақтандырушылар құрайтын ақша қорлары есебiнен белгiлi бiр сақтандыру оқиғалары болған кезде сақтандыру өтемдерiн төлеу арқылы азаматтар мен заңды тұлғалардың (сақтандырушылардың) мүдделерiн мүлiктi қорғау жөнiндегi қарым-қатынасты бiлдiредi.
Внимание! Документ утратил силу с 18.12.2000
Заң күшi бар Сақтандыру туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1995 жылғы 3 қазан N 2475.
"Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабына сәйкес және сақтандыру қызметi нарығын дамыту, азаматтар мен заңды тұлғаларды сақтандыру тұрғысында қорғау мақсатында осы Жарлықты шығарамын.
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Сақтандыру және сақтандыру қызметi жайындағы ұғым
2. Сақтандыру қызметi - сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының, сақтандыру және қайта сақтандыру брокерлерiнiң уәкiлеттi мемлекеттiк органның тиiстi лицензиясы негiзiнде жүзеге асыратын және сақтандыру мен қайта сақтандыру шарттарын жасасумен және оларды орындаумен байланысты қызметi.
2-1. Уәкілеттi мемлекеттiк орган - мемлекеттiң сақтандыру қызметiн реттеу және қадағалау жөнiндегi мiндеттер мен өкiлеттiктердi заңдарда белгiленген өкiлеттiктерге сәйкес жүзеге асыратын органы.
1-бап өзгертілді және толықтырылды ҚР
1999.07.16. N 436 Заңымен.
2-бап. Сақтандыру туралы заңдар
Сақтандыру туралы заңдар Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексiнiң тиiстi баптарынан, осы Жарлықтан, Қазақстан Республикасының заң актiлерiнен және соларға сәйкес қабылданған Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң, сондай-ақ уәкiлеттi мемлекеттiк органның нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
2-бап өзгертілді ҚР 16.07.1999.
N 436 Заңымен.
3-бап. Осы Жарлықпен реттелетiн қатынастары
1. Осы Жарлық:
- сақтандыру шартын жасасу және оны орындау процесiнде сақтандырушы мен сақтанушының арасында туындайтын қатынастарды;
- уәкiлеттi мемлекеттiк органның сақтандыру қызметiн реттеу және қадағалау жөнiндегi өзiнiң қызметi мен өкiлеттiктерiн жүзеге асырумен байланысты туындайтын қатынастарды реттейдi. - сақтандыру қатынасынан туындайтын сақтандырушылар мен сақтанушылардың өзге де тұлғалармен (сақтандырушылармен және пайда алушылармен) қатынастарын реттейдi.
2. Мiндеттi сақтандыру ерекшелiктерi, осы Жарлықта көзделгеннен басқа жағдайларда, арнайы заңдармен реттеледi. 3-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1996.08.23. N 35-I Заңымен. 3-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 436 Заңымен. 4-бап. Сақтандыру түрлерi Сақтандыру: 1) мiндеттiлiк дәрежесi бойынша: а) ерiктi; б) мiндеттi; 2) сақтандыру объектiлерi бойынша: а) жеке; б) мүлiктiк болып бөлiнедi. 5-бап. Мiндеттi және ерiктi сақтандыру 1. Мiндеттi сақтандыру - заң талаптарына орай жүзеге асырылатын сақтандыру.
2. Мiндеттi сақтандырудың түрлерi заң актiлерiмен белгiленедi. Мiндеттi сақтандыруды жүргiзудiң тәртiбi мен шарттарын олардың Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделмегендiгiне қарай Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
Егiндi, көп жылдық өсiмдiктердi, ауылшаруашылық жануарларын, қозғалатын және қозғалмайтын мүлiктi, ауылшаруашылық өндiрiсiнiң өнiмдерi мен тауарларын қолайсыз табиғи-климаттық жағдайлардан, эпизоотиядан және басқа дүлей зiлзаладан мiндеттi сақтандыру белгiленсiн.
3. Өзiнiң өмiрiн немесе денсаулығын сақтандыру мiндетi азаматқа заңдармен де шартпен де жүктелмейдi.
4. Мiндеттi сақтандыру кезiнде сақтанушы сақтандырудың осы түрiн реттейтiн заң актісінде тұжырымдалған талаптарға сәйкес сақтандырушымен шарт жасасуға мiндеттi.
Полная версия