Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 06.08.2015
Акциздік постылардың қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қаңтардағы № 61 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 6 тамыздан бастап ҚР Үкіметінің 23.07.2015 жылғы № 573 Қаулысына сәйкес
«Акциздік постылардың қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының 19.01.2015 жылғы № 30 Бұйрығын қараңыз
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 653-бабының 6-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Акциздік постылардың қызметін ұйымдастыру қағидалары бекiтілсiн.
2. Осы қаулы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                           К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2012 жылғы 16 қаңтардағы
 № 61 қаулысымен
 бекітілген
Акциздік постылардың қызметін ұйымдастыру қағидалары
1. Осы Акциздік постылардың қызметін ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 653-бабы 6-тармағының 5) тармақшасына сәйкес әзірленген және акциздік постылардың қызметін ұйымдастыру тәртібін айқындайды.
2. Акциздік постылар лицензияда көрсетілген мекенжай бойынша салық төлеушілердің аумағында тікелей:
4) бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда), дизель отынын өндіруді жүзеге асыру орындарында орнатылады.
3. Сондай-ақ акциздік постылар салық төлеушілердің аумағында:
1) мұнай мен мұнай өнімдерін магистральдық мұнай өнімдері құбырлары арқылы орнын ауыстыру;
2) мұнай мен мұнай өнімдерін темір жол көлігімен орнын ауыстыру;
3) алкоголь өнімін, темекі бұйымдарын, бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда), дизель отынын көтерме саудада өткізуі жүзеге асырғанда орнатылады.
4. Осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген акциздік постылар (мұнай мен мұнай өнімдерін магистральдық мұнай өнімдері құбырлары арқылы өткізуді жүзеге асыратын салық төлеушінің аумағында орнатылатын акциздік постыларды қоспағанда), осы Қағидалардың 9-тармағына сәйкес табыс етілетін хабарламада көрсетілген, акцизделетін тауарларды алған күннен бастап импортталаған акцизделетін тауарларды есепке алған күнге дейінгі мерзімге белгіленеді.
2. Акциздік постылардың қызметін ұйымдастыру тәртібі
Полная версия
ИС BestProfi