Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 10.12.2015
Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясының ұшуын электрлі жарықпен-техникалық қамтамасыз ету қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2011 жылғы 16 мамырдағы № 520 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 10 желтоқсаннан бастап ҚР Үкіметінің 24.11.2015 жылғы № 941 Қаулысына сәйкес
«Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясының ұшуын электрлі жарықпен-техникалық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 26.03.2015 жылғы № 350 Бұйрығын қараңыз
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 13-бабы 31) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясының ұшуын электрлі жарықпен-техникалық қамтамасыз ету қағидасы бекітілсін.
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2011 жылғы 16 мамырдағы
 № 520 қаулысымен
 бекітілген
Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясының ұшуын электрлі жарықпен техникалық қамтамасыз ету қағидасы
1. Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясының ұшуын электрлі жарықпен қамтамасыз ету қағидасы (бұдан әрi – Қағида) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңына сәйкес, сондай-ақ Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттары мен ұсыныстары ескеріле отырып әзірленді.
2. Осы Қағида ұшуды электрлі жарықпен техникалық қамтамасыз етуді, азаматтық авиация ұйымдарындағы электр қондырғыларын техникалық пайдалануды регламенттейді.
3. Осы Қағиданың талаптары азаматтық авиацияның кәсіпорындары мен ұйымдарының басшы құрамына, ұшуды электрлі жарықпен техникалық қамтамасыз етумен байланысты немесе өз қызметiнде электр қондырғыларын қолданатын және азаматтық авиация ұйымдарында олардың техникалық пайдалануды ұйымдастыру мәселелерiн шешетiн инженерлiк-техникалық құрам мен қызметтерге қолданылады.
4. Ұшуды электрлі жарықпен техникалық қамтамасыз ету:
1) регламентке, зауыттық нұсқаулықтарға, осы Қағидаға, сондай-ақ электр қондырғыларын пайдалану жөніндегі қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес әуежайдың электр энергиясын бөлуге және оны энергия жүйелерінен бөлуге арналған электр қондырғыларын, әуе кемелерінің ұшуын қамтамасыз ету үшін электрлі жарықтың техникалық жабдығын, әуежайдың өндірістік және жолаушылар объектілерін электрлі күш және жарық жабдығын техникалық пайдалануды;
2) ұшуды қамтамасыз етудің радиожарық техникалық құралдарын, азаматтық авиация ұйымдары өндiрiстiк және жолаушылар объектiлерiнiң электр күш және жарық жабдықтарын энергия жүйесiнен электр энергиясымен үздiксiз жабдықтау;
3) энергия жүйесiнен электр энергиясын ұтымды және орынды пайдалану;
4) объектiлердiң электрмен жабдықталу мен электр қондырғыларының жұмысының сенiмдiлiгiн арттыруды, техникалық қызмет ету сапасын арттыру және электр энергиясын қамтамасыз ететiн іс-шараларды әзірлеу және жүзеге асыру.
Ұшуды электрлі жарықпен техникалық қамтамасыз етуді әуежайда орналасқан ұшуды электрлі жарықпен техникалық қамтамасыз ету қызметі (бұдан әрi – Қызмет) жүзеге асырады.
5. Осы Қағидада пайдаланылатын негiзгi ұғымдар, терминдермен аббревиатуралар:
әуеайлақ минимумы – осы әуеайлақта осы үлгідегі әуе кемесінің ұшуын және қонуын орындауға рұқсат етілетін ұшып-қону жолағы мен бұлттардың төменгi шектік биiктiгiндегi (немесе шешiм қабылдау биiктiгiндегi) көрiнiмдердiң ең аз рұқсат етілетін мәнi;
Полная версия
ИС BestProfi