Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және елде бәсекеге қабілетті жаңа салалар құру мен Қазақстан Республикасының ғылыми-техникалық және инновациялық әлеуетін неғұрлым толық пайдалану мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
"Инновациялық технологиялар паркi" арнайы экономикалық аймағын құру туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 18 тамыздағы N 1166 Жарлығы
Тақырып жаңа редакцияда ҚР Президентінің 12.12.2011 № 193 Жарлығымен. (08.12.2011 жылғы редакцияны қараңыз) Кіріспе жаңа редакцияда ҚР Президентінің 12.12.2011 № 193 Жарлығымен. (08.12.2011 жылғы редакцияны қараңыз)
Редакция 25.11.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. 2028 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңге «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі - АЭА) құрылсын.
1-тармақ жаңа редакцияда ҚР Президентінің 12.12.2011 № 193 Жарлығымен. (08.12.2011 жылғы редакцияны қараңыз)
2. Қоса беріліп отырған:
2) АЭА жұмыс істеуінің нысаналы индикаторлары және нысаналы индикаторларға қол жеткізбеудің дағдарысты деңгейі бекітілсін.
2-тармақ жаңа редакцияда ҚР Президентінің 29.12.2012 № 457 Жарлығымен. (08.12.2011 жылғы редакцияны қараңыз)
3. Қазақстан Республикасының Үкiметi АЭА қызметiн қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылдасын.
4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне жүктелсiн.
5. Осы Жарлық 2003 жылғы 1 қазаннан бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 18 тамыздағы N 1166 Жарлығымен Бекітілген
"Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағы туралы ЕРЕЖЕ
Ереже жаңа редакцияда ҚР Президентінің 12.12.2011 № 193 Жарлығымен. (08.12.2011 жылғы редакцияны қараңыз)
1. Жалпы ережелер
1. «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі - АЭА) қоса беріліп отырған жоспарға сәйкес Алматы қаласының Медеу ауданы Алатау кентінің және Алматы облысының іргелес жатқан жерлерінің аумағында орналасқан.
АЭА аумағы 163,02 гектарды құрайды және Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлігі болып табылады.
2. АЭА мынадай мақсаттарда құрылады:
1) мынадай салаларды технологиялық дамыту:
ақпараттық-коммуникациялық технологиялар;
1-тармақшаның екінші абзацы жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 25.11.2016 жылғы № 377 Жарлығына сәйкес (29.12.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.11.2016 жылы № 230 (28958) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
телекоммуникация және байланыс саласындағы технологиялар;
электроника және аспап жасау;
энергияның жаңартылған көздері, ресурсты үнемдеу және табиғатты тиімді пайдалану;
әр түрлі қолданыстағы материалдарды жасау және қолдану саласындағы технологиялар;
мұнай мен газды өндіру, тасымалдау және қайта өңдеу салаларындағы технологиялар;
2) Қазақстан Республикасы экономикасының әлемдік шаруашылық байланыстар жүйесіне кіруін жандандыру;
3) тиімділігі жоғары, оның ішінде жоғары технологиялық және бәсекеге қабілетті өндірістер құру, өнімнің жаңа түрлерін шығаруды игеру, инвестициялар тарту.
3. АЭА аумағындағы қызмет түрлері:
3-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 29.12.2012 № 457 Жарлығымен. (08.12.2011 жылғы редакцияны қараңыз) 3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 25.11.2016 жылғы № 377 Жарлығына сәйкес (29.12.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.11.2016 жылы № 230 (28958) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1) мыналарды:
тамақ өнімдерін өндіруді;
сусындар шығаруды;
темекі бұйымдарын өндіруді;
тоқыма бұйымдарын өндіруді;
киім шығаруды;
жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдарын өндіруді;
сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдарды өндіруді;
химия өнеркәсібі өнімдерін өндіруді;
металлургия өнеркәсібін;
жиһаз шығаруды;
автокөлік құралдарын шығаруды;
машиналар мен жабдықтарды жөндеуді және орнатуды қоспағанда, өңдеуші өнеркәсіп;
2) ақпарат және байланыс;
3) кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет;
4) жобалау-сметалық құжаттама шегінде осы тармақтың 1), 2), 3) тармақшаларында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін тікелей арналған объектілерді салу және пайдалануға беру болып табылады.
4. АЭА шеңберінде жоғары білім беру орындарының, соның ішінде Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің, кәсіби-техникалық білім беру мекемелерінің, ғылыми-зерттеу институттарының инновациялар саласындағы шығармашылық және өнімді жұмыстары үшін қолайлы жағдайлар жасалуда. АЭА шеңберіндегі олардың қызметін бағыттау осы Ереженің 3-тармағына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледі.
5. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және инновациялық технологиялар саласындағы АЭА қатысушылары үшін АЭА-ның аумағында қызметті жүзеге асыру талабы қызметтің мына түрлері:
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 25.11.2016 жылғы № 377 Жарлығына сәйкес (29.12.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.11.2016 жылы № 230 (28958) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1) бағдарламалық қамтылымды, дерекқорларды және ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың аппараттық құралдарын жобалау, әзірлеу, ендіру, тәжірибелік шығару және шығару, сондай-ақ дата-орталықтардың көрсетілетін қызметтері, электрондық көрсетілетін қызметтер;
2) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында жобаларды жасау мен енгізу жөніндегі ғылыми-зерттеу жұмыстары мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізу үшін 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін міндетті талап болып табылмайды.
6. АЭА қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңымен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі.
АЭА аумағында акцизделетін өнім өндіруге байланысты қызметке тыйым салынады.
Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда арнайы экономикалық аймақтар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасындағыдан өзге қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
2. АЭА-ны басқару
7. АЭА-ны басқару «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
8. АЭА-ның басқару органы арнайы экономикалық аймақтың жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылатын басқарушы компания - заңды тұлға болып табылады.
9. АЭА басқару органының функцияларына:
1) АЭА-ның жұмыс істеуі мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасасу;
2) қызметтің қосалқы түрлерін жүзеге асыратын тұлғаларға жер учаскелерін қосалқы жер пайдалануға (қосалқы жалға) беру және инфрақұрылым объектілерін жалға (қосалқы жалға) беру;
3) қызметті жүзеге асыру туралы шарттарды жасасу және бұзу;
4) АЭА-қа қатысушылардың жыл сайынғы есептерінің негізінде уәкілетті орган белгілеген тәртіппен АЭА қызметінің нәтижелері туралы есептілікті уәкілетті органға ұсыну;
5) АЭА-тың қатысушыларын тарту;
6) АЭА-ның инфрақұрылым объектілерін салу және өзге де қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін инвестициялар тарту;
7) АЭА қатысушыларына берілмеген жер учаскелерінде бекітілген техникалық-экономикалық негіздемеге сәйкес инфрақұрылым объектілерін салуды жүзеге асыру;
8) «бір терезе» қағидаты бойынша халыққа қызмет көрсету орталығының жұмыс істеуі үшін қабылдау орнын ұйымдастыру;
9) АЭА құру мақсаттарына сай келетін қызметті жүзеге асыру кезінде әкелінген тауарлардың іс жүзінде тұтынылуын растау;
10) қызметті жүзеге асыру туралы шарттар талаптарының орындалуына мониторинг жүргізу жатады.
3. АЭА-ның аумағында салық салу
4. Кедендік реттеу
11. АЭА-ның аумағы Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес еркін кеден аймағының кедендік режимі қолданылатын Қазақстан Республикасының кеден аумағының бөлігі болып табылады. АЭА-ның шекарасы оның периметрі бойынша арнайы қоршаумен жабдықталады.
12. АЭА-ның аумағында кедендік ресімдеу және бақылау Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
13. АЭА-ны құру мақсатына қол жеткізу үшін қажетті тауарлардың тізбесі:
1) АЭА-ның аумағында жобалық-сметалық құжаттамасына сәйкес құрылыс салу және объектілерді пайдалануға беру үшін қажетті машиналар, жабдықтар, тауарлар мен материалдар;
2) тауарларды жеткілікті өңдеу өлшемдеріне сәйкес қайта өңдеуге арналған (акцизделуге жататын тауарларды қоспағанда) тауарлар;
3) осы Ереженің 3-тармағында көрсетілген қызметтің негізгі түрлеріне сәйкес өндірісті қамтамасыз етуге қажетті машиналар мен механизмдер, жабдықтар, арнайы мақсаттағы автокөліктер, материалдар, тауарлар мен жартылай дайын өнімдер;
4) осы Ереженің 2-тармағында айқындалған салаларда ғылыми-зерттеу мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізуге және өндіріске қажетті тауарлар мен материалдар.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тауарлардың номенклатурасын Сыртқы экономикалық қызметтің тауарлар номенклатурасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
АЭА аумағында еркін кеден аймағының кедендік режиміне орналастырылған тауарлармен:
1) тауарлардың сақталуын қамтамасыз ету;
2) тауарларды қайта өңдеу;
3) осы Ережеге сәйкес негізгі қызмет түрлеріне сай АЭА құру мақсатына қол жеткізу үшін қажетті тауарлар мен жабдықтарды пайдалану және қолдану;
4) тауарларды сатуға және тасымалдауға дайындау;
5) құрылыс және өнеркәсіп өндірісі технологиясының талаптарын орындау жөнінде операцияларды жасауға рұқсат етіледі.
5. Шетел азаматтарының АЭА аумағында болу тәртібі
14. АЭА аумағында Қазақстан Республикасының заңнамасымен және Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттармен белгіленген шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың, сондай-ақ олардың көлік құралдарының кіру, шығу, транзиті және болу тәртібі қолданылады.
6. Қорытынды ережелер
15. Осы Ережеде белгіленген шарттар Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен өзгертілуі мүмкін.
16. АЭА-ны тарату «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүргізіледі.
17. АЭА-ның осы Ережемен реттелмеген қызметі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 18 тамыздағы № 1166 Жарлығымен бекітілген «Ақпараттық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағы туралы ережеге қосымша
«Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағы аумағының жоспары (Жалпы S = 163,02 гектар)
Масштаб 1:25 000
Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 18 тамыздағы № 1166 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН
«Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағы жұмыс істеуінің нысаналы индикаторлары және нысаналы индикаторларға қол жеткізбеудің дағдарысты деңгейі
Ереже қосымшамен толықтырылды ҚР Президентінің 29.12.2012 № 457 Жарлығымен.
№ р/с | Мақсаттары, міндеттері және көрсеткіштері (атауы) | Өлшем бірлігі | Базалық кезең (2012 жыл) | 2015 жылға қарай қол жеткізу | 2020 жылға қарай қол жеткізу | 2028 жылға қарай қол жеткізу | |||
нысаналы индикатор | дағдарысты деңгейі | нысаналы индикатор | дағдарысты деңгейі | нысаналы индикатор | дағдарысты деңгейі | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
1. | Жалпы инвестиция көлемі, оның ішінде: | млрд. теңге | 5 | 7 | 4 | 12 | 7 | 25 | 15 |
1) | шетелдік инвестиция көлемі | млрд. теңге | - | - | - | - | - | - | - |
2) | отандық инвестиция көлемі | млрд. теңге | 5 | 7 | 4 | 12 | 7 | 25 | 15 |
2. | Арнайы экономикалық аймағының аумағында тауарларды және қызметтерді (жұмыстарды) өндіру көлемі | млрд. теңге | 1,89 | 16 | 8 | 26 | 13 | 53 | 33 |
3. | Қатысушылар саны | компаниялар | 46 | 65 | 60 | 95 | 90 | 120 | 100 |
4. | Арнайы экономикалық аймағының аумағында құрылатын жұмыс орындарының саны | адам | 1 268 | 1 688 | 1 511 | 2 718 | 2 119 | 5 826 | 3 640 |
5. | Арнайы экономикалық аймағының аумағындағы өндірістің жалпы көлеміндегі қазақстандық қамту үлесі | % | 50% | 50% | 40% | 50% | 40% | 50% | 40% |
6. | Ақпараттық-байланыс технологиялар (АКТ) саласында ғылыми-зерттеу лабараторияларды және оқу кафедраларды ашу жолымен АКТ-ны дамыту | кафедралар | 2 | 4 | 2 | 5 | 3 | 7 | 4 |
Полная версия