"Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Заңының 9-бабының 2) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 10.12.2018
Денсаулық сақтау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2009 жылғы 30 қазандағы N 630 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 26 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5917 болып енгізілді
Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 10.12.2018 жылғы № 696 Бұйрығына сәйкес Осы Бұйрық 2023 жылғы 30 қазаннан бастап күшін жойды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 13.10.2023 жылғы № 153 Бұйрығына сәйкес
1. Қоса беріп отырған денсаулық сақтау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Стратегия және денсаулық сақтау саласын дамыту департаменті (Айдарханов А.Т.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Бисмилдин Ф.Б.) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Т.А. Вощенковаға жүктелсін.
5. Осы бұйрық оны алғаш ресми жариялаған кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрдің
міндетін атқарушы Б. Садықов
"КЕЛІСІЛДІ" "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі Еңбек және халықты
_________ Ж. Түймебаев әлеуметтік қорғау министрі
2009 жылғы 23 қараша __________ Г. Әбдіқалықова
2009 жылғы 23 қараша
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 30 қазандағы N 630 бұйрығымен бекітілген
Денсаулық сақтау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Денсаулық сақтау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты (бұдан әрі – Стандарт) "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген.
2. Осы Стандарт өмірдегі қиын жағдайға душар болған тұлғаға (отбасына) денсаулық сақтау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерге (бұдан әрі – арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілер) қатысты.
Полная версия