Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 31.07.2018
Республикалық және халықаралық маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорық қорының геологиялық, геоморфологиялық және гидрогеологиялық объектілерінің тізбесін, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда оларды шектеулі шаруашылық мақсатта пайдалану қағидасын, сондай-ақ республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар санатына жатқызылған айрықша экологиялық, ғылыми, мәдени және өзге де құндылықты білдіретін жер қойнауы учаскелерінің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 қарашадағы N 1212 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2018 жылғы 31 шілдеден бастап ҚР Үкіметінің 17.07.2018 жылғы № 437 Қаулысына сәйкес
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 16-бабының 14) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) республикалық және халықаралық маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорық қорының геологиялық, геоморфологиялық және гидрогеологиялық объектілерінің тізбесі;
2) Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы республикалық және халықаралық маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорық қорының геологиялық, геоморфологиялық және гидрогеологиялық объектілерін шектеулі шаруашылық мақсатта пайдалану қағидасы;
3) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар санатына жатқызылған айрықша экологиялық, ғылыми, мәдени және өзге де құндылықты білдіретін жер қойнауы учаскелерінің тізбесі бекітілсін. 
2. «Республикалық және халықаралық маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорық қорының геологиялық, геоморфологиялық және гидрогеологиялық объектілерінің тізбесін, оларды ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда шектеулі шаруашылық мақсатта пайдалану ережесін, сондай-ақ айрықша экологиялық, ғылыми, мәдени және өзге де құндылықты білдіретін, республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар санатына жатқызылған жер қойнауы учаскелерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 маусымдағы № 657 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 27, 337-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2010 жылғы 18 қарашадағы
 № 1212 қаулысымен
 бекітілген
Республикалық және халықаралық маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорық қорының геологиялық, геоморфологиялық және гидрогеологиялық объектілерінің тізбесі 1. Республикалық және халықаралық маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорық қорының геологиялық объектілері
Полная версия
ИС BestProfi