Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 21.10.2015
Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестаттау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 1457 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 21 қазаннан бастап ҚР Үкіметінің 28.09.2015 жылғы № 796 Қаулысына сәйкес
«Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 31.03.2015 жылғы № 185 Бұйрығын қараңыз
Редакция 18.10.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексiнiң 15-бабының 24) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестаттау қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2011 жылғы 5 желтоқсандағы
 № 1457 қаулысымен
 бекітілген
Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестациялау қағидалары
1. Осы Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестациялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 15-бабының 24) тармақшасына сәйкес әзірленді және өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау – оларда орындалатын жұмыстың қауіпсіздігі, зияндылығы, ауырлығы, қауырттығы, еңбек гигиенасының жай-күйін бағалау және өндірістік орта жағдайларының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтерге сәйкестігін айқындау мақсатында өндірістік объектілерді (цехтарды, учаскелерді, жұмыс орындарын, сондай-ақ өзге, өндірістік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың жеке тұрған бөлімшелерін) бағалау жөніндегі қызмет;
2) зертханалар – өндірістік орта факторларын зертханалық және аспаптық зерттеулермен және өндірістік орта жағдайларының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтерге сәйкестігін айқындауға байланысты қызметті жүзеге асыратын зертханалар;
3) өндірістік объектілер – өнім шығарумен және жасаумен, пайдалы қазбаларды игерумен, өндірумен және қайта өңдеумен, құрылыспен және өндірістік қызметтің басқа да түрлерімен айналысатын ұйымның цехтары, учаскелері және өзге де жеке тұрған өндірістік бөлімшелері;
4) жұмыс орны – еңбек қызметі процесінде өзінің еңбек міндеттерін орындау кезінде қызметкердің тұрақты немесе уақытша болатын орны;
5) өндірістік объектілерді аттестаттауды жүргізу жөніндегі мамандандырылған ұйымдар – білікті кадрлары бар және өзінің құрамында өндірістік орта және еңбек жағдайлары факторларын зертханалық және аспаптық зерттеулер жөніндегі зертханалары бар немесе осындай зертханалары бар ұйымдармен шарттары бар еңбек жағдайлары бойынша өндірістік объектілерге аттестаттау жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар;
6) білікті кадрлар – өндірістік объектілерге аттестаттау жүргізу жөніндегі мамандандырылған ұйымдардың өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау жөніндегі жұмыспен айналысатын, тиісті білімі бар немесе дайындық курстарынан өткен және тиісті сертификаты бар қызметкерлері;
7) сертификат – тиісті білім беру ұйымдары еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша даярлық курсынан өткен адамдарға беретін белгіленген үлгідегі құжат;
8) жеке қорғану құралдары – қызметкерді зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен қорғауға арналған құралдар, оның ішінде арнайы киім;
Полная версия
ИС BestProfi