Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 30.10.2013
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерімен шоғырландырылған қаржы есептілігін жасау ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 25 маусымдағы № 303 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 19 шілдеде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6339 болып енгізілді
Осы Бұйрық күшін жойды 11.03.2014 жылдан бастап ҚР Қаржы министрінің 30.10.2013 жылғы № 500 Бұйрығына сәйкес
Редакция 01.01.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 118-бабын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 
1. Қоса беріліп отырған Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерімен шоғырландырылған қаржы есептілігін жасау ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудиторлық қызмет әдіснамасы департаменті (А.О. Төлеуов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық 2013 жылғы қаңтардың бірінші күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2010 жылғы 25 маусымдағы
№ 303 бұйрығымен бекітілген
Бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерiнің шоғырландырылған қаржылық есептiлiкті жасау ережесi
Атау өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 12.09.2012 жылғы № 417 Бұйрығымен (25.06.2010 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2013 жылдан бастап)
1. Пайдаланушыларға оларды ұсыну мақсатында республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен ұсталатын бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің шоғырландырылған қаржылық есептілігін жасаудың және ұсынудың көлемі, нысандары, мерзімділігі, мерзімдері мен тәртібі осы Ережемен белгіленеді.
2. Республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен ұсталатын бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері осы Ережеде белгіленген көлемде және нысандар бойынша жылдық, тоқсандық есептілікті құрастырады.
3. Осы Ережеде мынадай негізгі түсініктер қолданылады:
3-тармақ өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 12.09.2012 жылғы № 417 Бұйрығымен (25.06.2010 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2013 жылдан бастап)
бюджеттік бағдарлама әкімшісінің шоғырландырылған қаржы есептілігі – бюджеттік бағдарламалардың әкімшісінің және оның ведомствосындағы мемлекеттік мекемелердің бірыңғай экономикалық ұйымның қаржы есептілігі ретінде ұсынған жеке қаржы есептілігінің жиынтығы;
квазимемлекеттік сектордың субъектілеріне инвестициялар – бұл мемлекеттік кәсіпорындарға, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге, акционерлік қоғамдарға, оның ішінде қатысушысы немесе акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық холдингтерге, ұлттық компанияларға, сондай-ақ еншілес, тәуелді және олармен аффилиирленгендер болып табылатын өзге де заңды тұлғаларға салынатын бюджет қаражатының салымдары;
элиминирленген – бюджеттік бағдарламалар әкімшісі және оның ведомствосындағы мемлекеттік мекемелер арасындағы немесе бюджеттік бағдарламалардың бір әкімшісінің ведомствосындағы мемлекеттік мекемелер арасындағы бір жүйе ішіндегі өзара операциялардың қайта есепке алынуын алып тастау.
4. Шоғырландырылған қаржы есептiлiгiн жасау кезінде мынадай талаптар сақталады:
4-тармақ өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 12.09.2012 жылғы № 417 Бұйрығымен (25.06.2010 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2013 жылдан бастап)
есеп кезеңіндегі барлық операциялардың толықтығы мен дәлдігін;
есептік кезеңге кірістер мен шығыстардың жатқызылуы дұрыстығын;
есепті кезеңнен кейінгі айдың бірінші күніне синтетикалық есеп шоттары бойынша айналымдар мен қалдықтардың талдамалы есебі деректерінің теңдігін;
Полная версия
ИС BestProfi