Жеке кәсiпкерлердi мемлекеттiк тiркеу үшiн алым ставкаларын, жеке кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң нысанын бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 6 желтоқсандағы N 1586 Қаулысы
Қаулының күшін жойды ҚР Үкіметінің 31.12.2008. № 1325 Қаулысымен (30.04.2007 жылғы редакцияны қараңыз).(2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
"Жеке кәсiпкерлiк туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы Заңына және "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiне (Салық кодексiне) сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
кіріспе өзгертілді ҚР Үкіметінің 21.08.2006. № 792 қаулысымен (06.12.2001 жылғы редакцияны қараңыз).(ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
2. "Кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын жеке тұлғаларды тiркеу үшiн алым төлеудiң және оның ставкаларының тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 28 шiлдедегi N 1037 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1995 ж., N 26, 304-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары 2002 жылғы 1 қаңтарға дейiн өздерiнiң бұрын қабылданған нормативтiк құқықтық кесiмдерiн осы қаулыға сәйкес келтiрсiн.
1) жеке кәсiпкерлер ретiнде Қазақстан Республикасының аумағында заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу кезiнде алым төлейтiн күнге қолданылып жүрген төрт еселiк айлық есептiк көрсеткiштi құрайды;
2) мемлекеттiк тiркелгенiн куәландыратын құжаттың телнұсқасын алған кезде осы қосымшаның 1) тармақшасында белгiленген алым ставкасының жиырма бес пайызын құрайды.
Нысанға өзгерту енгізіледі ҚР Үкіметінің № 352 Қаулысымен (06.12.2001 жылғы редакцияны қараңыз)(2010 жылғы 13 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі
Нысанға өзгертілді ҚР Үкіметінің 21.08.2006. № 792 қаулысымен.(ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)