1. Шетелде тұратын отандастардың iстерi жөнiндегi комиссия (бұдан әрi - Комиссия) құрылсын.
Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 04.10.2007 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Шетелде тұратын отандастардың iстерi жөнiнде комиссия құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 сәуірдегі N 325 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 6 қаңтардағы N 24 қаулысымен бекiтiлген Шетелде тұратын отандастарды қолдаудың 2005 - 2007 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарының 3-бөлiмiнiң 3-тармағын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
2. Қоса берiлiп отырған:
1) Комиссия туралы ереже;
2) Комиссияның құрамы бекiтiлсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 25 сәуiрдегi N 325 қаулысымен бекiтiлген
Шетелде тұратын отандастардың iстерi жөнiндегi комиссия туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Шетелде тұратын отандастардың iстерi жөнiндегi комиссия Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
2. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдердi және осы Ереженi басшылыққа алады.
2. Комиссияның мiндеттерi, функциялары мен құқықтары
3. Комиссияның негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:
1) шетелде тұратын қазақ диаспорасының өмiрiне және қызметiне байланысты проблемаларды зерделеу;
2) шетелде тұратын отандастармен жан-жақты байланысты дамыту және нығайту үшiн қажеттi жағдай жасауға жәрдем көрсету;
3) шетелде тұратын отандастарды қолдау процесiнде туындайтын мәселелердi шешуде мемлекеттiк органдарға консультативтiк көмек көрсету;
Полная версия