Близость слов: Окончание:





Нысанды киімді (погонсыз) киюге құқығы бар темір жол көлігі қызметкерлері лауазымдарының (кәсіптерінің) тізбесін, нысанды киімінің (погонсыз) үлгілері мен айырым белгілерін, оның кию тәртібін және онымен қамтамасыз ету нормаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 29 сәуірдегі № 242 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2011 жылғы 2 маусымда № 6989 болып тіркелді
Редакция 28.03.2021 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Темір жол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 09.03.2021 жылғы № 103 Бұйрығына сәйкес (05.11.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 28.03.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырғандар бекітілсін:
1) Нысанды киімді (погонсыз) киюге құқығы бар темір жол көлігі қызметкерлері лауазымдарының (кәсіптерінің) тізбесі (осы бұйрыққа 1-қосымша );
2) Темір жол көлігі қызметкерлерінің нысанды киімді (погонсыз) кию ережелері (осы бұйрыққа 2-қосымша );
3) Нысанды киіммен (погонсыз) темір жол көлігі қызметкерлерін қамтамасыз ету нормалары (осы бұйрыққа 3-қосымша );
4) Темір жол көлігі қызметкерлері үшін нысанды киімінің (погонсыз) үлгілері мен айырым белгілері (осы бұйрыққа 4-қосымша ).
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік және қатынас жолдары комитеті (Н.И. Қилыбай) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация вице-министрі Е.С. Дүйсенбаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
Қазақстан Республикасы
 Көлік және коммуникация министрінің
 2011 жылғы 29 сәуірдегі
 № 242 бұйрығына
 1-қосымша
Нысанды киім киюге (погонсыз) құқығы бар темір жол көлігі қызметкерлері лауазымдарының (кәсіптерінің ) тізбесі
Тізбе өзгертілді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 05.11.2019 жылғы № 825 Бұйрығымен (29.04.2011 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 30.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Лауазымдар атауы Басшы құрам Айырым белгілері мен жағадағы белгілер
1 2 3
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның Президенті жоғары
"ҚТЖ" ҰҚ АҚ-ның Вице-Президенттері жоғары
Басқарушы директор-Бас инженер;
Қозғалыс қауіпсіздігі жөніндегі;
Пайдалану жұмысы жөніндегі;
Жылжымалы құрам жөніндегі;
Жолаушылар тасымалы жөніндегі басқарушы директорлар
жоғары
Қозғалыс қауіпсіздігі департаментінің директоры;
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның «Тасымалдау процесі дирекциясы» және «Магистральдық желі дирекциясы» филиалдарының директорлары;
«Локомотив», «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамдарының президенттері
жоғары
Жылжымалы құрам және жолаушылар тасымалын мониторгтеу департаменттерінің директорлары;
Қозғалыс қауіпсіздігі департаментінің 1-деңгейдегі бас менеджері;
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның «Тасымалдау процесі дирекциясы» және «Магистральдық желі дирекциясы» филиалдарының директорларының орынбасарлары; бас инженері;
«Локомотив», «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамдарының вице-президенттері, бас инженерлері
жоғары
Қозғалыс қауіпсіздігі департаментінің ревизорлары;
Жылжымалы құрам және жолаушылар тасымалын мониторгтеу департаменттерінің 1-деңгейдегі бас менеджерлері;
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның «Магистральдық желі дирекциясы» филиалының пайдалану жұмысы жөніндегі атқарушы директоры; «Локомотив», «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамдарының қозғалыс қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі, пайдалану жұмысы мәселелері жөніндегі, жөндеу мәселелері жөніндегі атқарушы директорлары;
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның «Тасымалдау процесі дирекциясы» және «Магистральдық желі дирекциясы» филиалдарының департамент директорлары;
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның «жол бөлімшесі» филиалдарының директорлары
жоғары
Жол бөлімшелеріндегі Қозғалыс қауіпсіздігі департаментінің өкілдігінің бас ревизорлары;
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның «Тасымалдау процесі дирекциясы» және «Магистральдық желі дирекциясы» филиалдарының департамент директорларының орынбасарлары;
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның «магистральдық желі бөлімшесі» филиалдарының директорлары;
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның «жол бөлімшесі» және «магистральдық желі бөлімшесі» филиалдарының директорларының орынбасарлары мен бас инженерлері;
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның «Тасымалдау процесі дирекциясы» филиалының оперативтік басқару, тасымалдау процесін үйлестіруі, қозғалыс қауіпсіздігі басқармаларының бастықтары
жоғары
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның «Магистральдық желі дирекциясы» филиалының пайдалану, техникалық құралдарды жөндеу және қозғалыс қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі басқармаларының бастықтары;
«Локомотив», «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамдарының пайдалану, техникалық құралдарды жөндеу және қозғалыс қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі басқармаларының бастықтары
аға
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның - «Достық станциясы», «Нұр-Сұлтан станциясы» филиалдарының директорлары жоғары
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның «Тасымалдау процесі дирекциясы» филиалының поезд жұмысын оперативті жоспарлау бөлімінің бастығы;
«Локомотив» акционерлік қоғамының локомотив паркін реттеу бөлімінің бастығы;
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның «Тасымалдау процесі дирекциясы» филиалының, «Локомотив» акционерлік қоғамының қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі бөлімінің бастықтары;
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның «Тасымалдау процесі дирекциясы» филиалының жүк жұмысын ревизиялау бөлімінің бастығы;
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның «Тасымалдау процесі дирекциясы» филиалының Бірыңғай диспетчерлік басқару орталығының бастығы;
қозғалыс қауіпсіздігі департаментінің салалар бойынша өңірлік ревизорлары;
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның «Тасымалдау процесі дирекциясы» филиалының қозғалыс қауіпсіздігі жөніндегі ревизоры;
аға
Жолаушылар тасымалы жөніндегі өңірлік филиалдың директоры;
жолаушылар поездарын тексеру жөніндегі өңірлік инспектор;
кластан тыс станцияның бастығы;
«ҚТЖ» ҰК» АҚ «жол дистанциясы», «сигнализация және байланыс дистанциясы», «электрмен жабдықтау дистанциясы», «рельс дәнекерлеу кәсіпорны», «машиналандырылған жол дистанциясы», «пайдалану вагон депосы» филиалдарының директорлары;
«Локомотив» акционерлік қоғамының «пайдалану локомотив депосы» филиалдарының директорлары
-"- -"-
Жолаушылар поездарын тексеру жөніндегі бақылаушы-ревизор;
жолаушылар поездарын тексеру жөніндегі аға инспектор;
аға нұсқаушы;
поезд жұмысын оперативті жоспарлау;
локомотив паркін реттеу;
жүк жұмысын ревизиялау бөлімінің сарапшысы;
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның «жол бөлімшесі» филиалдарының оперативтік басқару бөлімінің бастықтары;
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның «жол бөлімшесі» филиалдарының техникалық бөлімінің бастықтары;
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның «магистральдық желі бөлімшесі» филиалдарының техникалық, өндірістік, жол, байланыс бөлімдерінің бастықтары;
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның «жол бөлімшесі» филиалдарының локомотивтерді пайдалану бөлімінің бастығы;
1-класс станциясының бастығы;
поезд жұмысын оперативті жоспарлау бөлімінің (ауысымдық) сарапшысы;
поезд жұмысын оперативті жоспарлау бөлімінің және локомотив паркін реттеу бөлімінің бағыттар бойынша аға диспетчері;
жол бөлімшесінің аға диспетчері;
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның «жол бөлімшесі» филиалдарының және ДО қозғалыс қауіпсіздігі бөлімінің бастығы;
қозғалыс аға ревизоры, өңірлік коммерциялық аға ревизор;
локомотивтерді бас қабылдаушы
аға
Қозғалыс қауіпсіздігі жөніндегі ревизор;
коммерциялық ревизор;
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның «жол бөлімшесі» филиалдарының кезекшісі;
2-класс станциясының бастығы;
қалпына келтіру және өрт сөндіру поездарының бастығы;
арнайы вагондардың, зертхана-вагондардың бастықтары;
өндірістік оқыту нұсқаушысы;
өндірістік оқыту шебері;
вагондарды техникалық тексеріп қарау пунктінің бастығы;
учаске бастығы;
кластан тыс вокзалдың бастығы;
1-класс вокзалының бастығы;
жолаушылар поездарын тексеру жөніндегі өңірлік бақылаушы-ревизор;
өртке қарсы қызмет отрядының бастығы;
жолсеріктер резервінің бастығы
аға
Поезд диспетчері, торап бойынша поезд диспетчері (1, 2, 3-топ);
локомотив диспетчері;
жол машиналарының (кешенінің) бастығы;
3-класс станциясының бастығы;
кластан тыс станцияның техникалық бөлімінің бастығы;
«ҚТЖ» ҰК» АҚ «жол дистанциясы», «сигнализация және байланыс дистанциясы», «электрмен жабдықтау дистанциясы», «пайдалану вагон депосы» филиалдарының техникалық, өндірістік бөлімдерінің бастықтары;
2 және 3-класс вокзалдарының бастықтары;
кластан тыс станцияның кезекшісі;
кластан тыс станцияның станциялық (маневрлік) диспетчері;
«Локомотив» акционерлік қоғамының «пайдалану локомотив депосы» филиалдарының аға кезекшілері;
локомотивті аға қабылдаушы;
нұсқаушы-машинист;
жол машиналарының нұсқаушы-машинисі;
автотежегіштер мен букстік торап жөніндегі нұсқаушы;
тартымдық қосалқы станцияның;
түйіспе желісі ауданының;
желілік ауданның бастықтары;
жөндеу-тексеру учаскесінің бастығы;
«ҚТЖ» ҰК» АҚ «жол дистанциясы» филиалдарының аға жол шебері;
кластан тыс станцияның жүк диспетчері
орта
4-5 класс станцияларының бастықтары;
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның «жол бөлімшесі» филиалдарының қауіпсіздік жөніндегі инженерлері;
1 және 2-класс станциясының жүк диспетчері;
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның «жол бөлімшесі» филиалдарының вагондарды бөлуші диспетчері;
кластан тыс станцияның инженер-технологы;
билет кассаларын меңгерушісі;
1 - 2 класс локомотив машинисі;
«ҚТЖ» ҰК» АҚ «сигнализация және байланыс дистанциясы» филиалдарының аға электр механигі;
«ҚТЖ» ҰК» АҚ «электрмен жабдықтау дистанциясы» филиалдарының аға электр механигі;
өндірістік-техникалық бөлімнің жетекші инженері;
жолды ағымдық күтіп ұстау жөніндегі жол шебері;
1-топ көпір шебері;
шебер;
вагондарды қабылдап алушы;
кластан тыс станцияның тауарлық кеңсе бастығы;
билет және тауар кассаларының меңгерушісі;
вокзал бастығының кезекші көмекшісі;
1 және 2-класс станциясы бойынша кезекші;
станциялық (маневрлік) диспетчер;
кластан тыс станцияның орталықтандыру постының кезекшісі
жолаушылар поезының бастығы;
сұрыптау дөңестері мен парктер бойынша кезекші;
кластан тыс станцияның станциялық технологиялық орталығының бастығы;
«Локомотив» акционерлік қоғамының «пайдалану локомотив депосы» филиалдарының кезекшілері;
локомотив бригадаларының аға наряд жабушысы (меңгерушісі);
локомотивтерді қабылдаушы
орта
3 – 4 класс локомотив машинисі;
пайдалану ақпарат жүйелері бөлімінің автоматтық басқару жүйесінің диспетчері;
габаритсіз жүктермен және әскери тасымалдармен жұмыс істеу жөніндегі бөлімнің (ауысымдық) диспетчері;
1 және 2-класс станциясының инженер-технологы;
«ҚТЖ» ҰК» АҚ «сигнализация және байланыс дистанциясы», «электрмен жабдықтау дистанциясы» «электрмен жабдықтау дистанциясы» филиалдарының электр механигі;
2 және 3 топ көпір шебері;
1 және 2-класс станциясы орталықтандыру постының кезекшісі;
бөлімнің (техникалық, өндірістік, жол, байланыс) 1-санатты инженері;
1 және 2-класс станциясы тауарлық кеңсесінің бастығы;
тауарлық кеңсенің меңгерушісі;
орта
3, 4, 5-класс станциясы бойынша кезекші;
орталықтандыру постының операторы;
сұрыптау дөңесінің операторы;
1 және 2-класс станциясының станциялық технологиялық орталығының бастығы;
станцияның техникалық кеңсесінің бастығы;
жолаушылар вагондарындағы орындарды бөлу және қолдану жөніндегі бюроның меңгерушісі;
есепке алу және есептілік тобының бастығы
-"- -"-
Станциялық диспетчердің жанындағы оператор;
станция бойынша кезекшінің жанындағы оператор;
маневр диспетчерінің жанындағы оператор;
билет және багаж аға кассирлері;
жолаушылардың тынығу бөлмесінің меңгерушісі;
коммерциялық тексеріп қарау пунктінің бригадирі;
сақтау камерасының меңгерушісі;
жүктерді іздестіру бюросының меңгерушісі;
поездарды аға қабылдап тапсырушы;
мотовоз машинисі;
локомотив машинисінің көмекшісі;
локомотив бригадаларының наряд жабушысы;
вагондарды аға тексеріп қараушы;
контейнерлік алаңның меңгерушісі;
сұрыптау платформасының меңгерушісі;
тауар (жүк) аға кассирі;
жүктерді және багажды аға кабылдап тапсырушы;
тауарлық кеңсенің аға операторы;
пошта экспедициясының меңгерушісі;
бригадирлер (босатылған);
жолды және жасанды құрылыстарды ағымдық күтіп-ұстау жөніндегі бригадир;
ақаутапқыш арбашаның операторы;
ақаутапқыш вагонның баптаушысы;
жол машиналарының машинисі;
электр-механик
кіші
Ақаутапқыш арбаша операторының көмекшісі;
мотовоз машинисінің көмекшісі;
поезд электр механигі;
темір жол жолдары мен жасанды құрылыстарды қараушы;
өтпе бойынша кезекші;
вагон жолсерігі;
қызмет вагонының жолсерігі;
арнайы вагонның жолсерігі;
жүктер мен арнайы вагондарды алып жүру жөніндегі жолсерік;
жаттықпа вагонның жолсерігі;
билет кассирі;
багаж кассирі;
техникалық кеңсесінің операторы;
қатардағы Жеңдегі айырым
белгілер көзделмеген
вокзал залы бойынша кезекші;
перрон бақылаушысы;
экспедитор (пошта);
экспедитор (жүріп тұратын);
коммерциялық агент;
анықтама беру жөніндегі кезекші;
жүк тапсыру жөніндегі агент
-"- -"-
Ескертпе: Осы тізбеде көрсетілген бөлімшелердің орынбасарлары мен бас инженерлері үшін тиісті бөлімшенің басшысына арналған айыру белгілерін белгілейтін жолдан кейінгі жолда көзделген жеңдік айыру белгілері белгіленеді.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ    – «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы»                    акционерлік қоғамы
ДО              – «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы»                    акционерлік қоғамының еншілес ұйымдары
Қазақстан Республикасы
 Көлік және коммуникация министрінің
 2011 жылғы 29 сәуірдегі
 № 242 бұйрығына
 2-қосымша
Темір жол қызметкерлерінің нысанды киімдерді (погонсыз) кию қағидасы
Полная версия
ИС BestProfi