Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 29.04.2014
Өнеркәсіп саласындағы жеке кәсіпкерлік аясында тексеру парақтарының нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012 жылғы 28 қарашадағы № 430 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2012 жылғы 05 желтоқсандағы № 326 Бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 24 желтоқсанда № 8203 тіркелді
Осы Бірлескен бұйрық күшін жойды 2014 жылғы 26 шілдеден бастап ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 29.04.2014 жылғы № 139 және ҚР Өңірлік даму министрінің 05.05.2014 жылғы 126/ОД Бірлескен бұйрығына сәйкес
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 15-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ: 
1. Өнеркәсіп саласындағы жеке кәсіпкерлік аясында тексеру парақтарының нысандары:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес қатты пайдалы қазбаларды (кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда) өндiрудi жобалау бойынша;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес қатты пайдалы қазбалардың кен орындарын әзірлеуге арналған жобаларды және технологиялық регламенттердi жасау бойынша;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес қатты пайдалы қазбаларды (кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда) өндiру бойынша;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес ашық және жер асты тәсiлдерiмен қатты пайдалы қазбалардың кен орындарын ашу және әзiрлеу бойынша;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес кен орындарында технологиялық жұмыстарды жүргiзу бойынша;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес пайдалы қазбаларды өндiру үшiн жару жұмыстарын жүргiзу бойынша;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес кенiштер мен шахталарды жабу бойынша жою жұмыстары бойынша;
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға ұңғымаларды жер астында және күрделi жөндеу; жабдықтар мен агрегаттарды бөлшектеу; ұңғымалар көтергiшiн орнату бойынша;
9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес ұңғымаларды жөндеуден кейiн сынау бойынша;
10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес ұңғымаларды жуу, цементтеу, байқаудан өткізу және игеру бойынша;
11) осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес химия өндiрiстерiн жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалану бойынша;
12) осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес заңды тұлғаларда өз өндірісі барысында және құрамында түстi және (немесе) қара металл сынықтары және (немесе) қалдықтары болған мүліктік кешенді сатып алу нәтижесінде пайда болған түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, заңды тұлғалардың түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, өңдеуi және лицензиаттарға өткiзуі бойынша бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Өнеркәсіп комитеті (Е.Ғ.Кәрібаев):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) оны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі А.П. Рауға жүктелсін.
Полная версия
ИС BestProfi