Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 23.11.2015
Жасы он сегiзге толмаған қызметкерлердiң еңбегiн пайдалануға тыйым салынатын жұмыстардың тiзiмiн, жасы он сегiзге толмаған қызметкерлер тасымалдайтын және қозғайтын жүктің шектi нормаларын және әйелдердiң еңбегiн пайдалануға тыйым салынатын жұмыстардың тiзiмiн, әйелдердің жүктi қолмен көтеруінің және алып жүруiнiң шектi нормаларын бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қазандағы № 1220 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 23 қарашадан бастап ҚР Үкіметінің 29.10.2015 жылғы № 862 Қаулысына сәйкес
«Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлердің еңбегін пайдалануға тыйым салынатын жұмыстардың тізімін, он сегіз жасқа толмаған қызметкерлердің ауыр заттарды тасуы мен жылжытуының шекті нормаларын және әйелдердің еңбегін пайдалануға тыйым салынатын жұмыстардың тізімін, әйелдердің ауыр заттарды қолмен көтеруінің және жылжытуының шекті нормаларын бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 27.05.2015 жылғы № 391 Бұйрығын қараңыз
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексiнiң 15-бабының 21) және 22) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 
1) жасы он сегiзге толмаған қызметкерлердiң еңбегiн пайдалануға тыйым салынатын жұмыстардың тiзiмi, жасы он сегiзге толмаған қызметкерлер тасымалдайтын және қозғайтын жүктің шектi нормалары;
2) әйелдердiң еңбегiн пайдалануға тыйым салынатын жұмыстардыңтiзiмiн, әйелдердің жүктi қолмен көтеруінің және алып жүруiнiң шектi нормасы бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2011 жылғы 28 қазандағы
 № 1220 қаулысымен
 бекітілген
Жасы он сегiзге толмаған қызметкерлердiң еңбегiн пайдалануға тыйым салынатын жұмыстардың тiзiмi, жасы он сегiзге толмаған қызметкерлер тасымалдайтын және қозғайтын жүктің шектi нормалары
1-бөлім. Жасы он сегiзге толмаған қызметкерлердiң еңбегiн пайдалануға тыйым салынатын жұмыстардың тiзiмi
1.1-кіші бөлім. Өндiрiстер мен жұмыстардың түрлерi
2. Геологиялық барлау, топографиялық-геодезиялық жұмыстар
3. Көмiр және тау-кен шикiзатын өндiру және байыту
4. Құрылыс және кенсiз материалдарды өндiру және байыту
5. Мұнай және газ өндiру және қайта өңдеу
7. Ағаш дайындау жұмыстары, ағаш ағызу және ағаштан шырын алу
Полная версия
ИС BestProfi