Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 25.03.2016
Екінші деңгейдегі банктердің аударым және жай вексельдермен операциялар жүргізу ережесін бекіту жөнінде
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасы 1999 жылғы 15 қарашадағы N 397 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1999 жылғы 12 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 1016
Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 25 наурыздан бастап ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.12.2015 жылғы № 261 Қаулысына сәйкес
Редакция 13.05.2005 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының аумағында вексель айналысын жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді :  
1. Екінші деңгейдегі банктердің аударым және жай вексельдермен операциялар жүргізу ережесі бекітілсін және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап күшіне енгізілсін.  
2. Банктерді қадағалау департаменті (Жұмағұлов Б.Қ.):  
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны және Екінші деңгейдегі банктердің аударым және жай вексельдермен операциялар жүргізу ережесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;  
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны және Екінші деңгейдегі банктердің аударым және жай вексельдермен операциялар жүргізу ережесін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдарына жіберсін. 
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары М.Т.Құдышевке жүктелсін.     
Қазақстан Республикасының
 Ұлттық Банкі Басқармасының
 1999 жылғы 15 қарашадағы
 N 397 қаулысымен бекітілген
Екiншi деңгейдегi банктердiң аударым және 
 жай вексельдермен операциялар жүргiзу 
 Ережесi 
"Осы Ереже "Қазақстан Республикасындағы вексель айналысы туралы ", "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы " Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі - банктер) аударым және жай коммерциялық вексельдермен (бұдан әрі - вексельдер) операцияларды жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
: Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 13 мамырдағы № 61 қаулысымен.
1. Банктер тиiстi операцияларды жүргiзу құқығына қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрi - уәкілетті орган) лицензиясы болған кезде вексельдермен операциялардың мынадай түрлерiн жүргiзуге құқылы:  
2) төлем жасаушы инкассаға қабылдап алған вексельдерге төлем жасау бойынша қызмет ұсыну, сондай-ақ домицилирленген вексельдерге төлем жасау;  
3) вексельдердi делдалдық тәртiппен акцептеу;  
4) вексельдер бойынша мiндеттi адамдардың бiреуi үшiн авальдар қою;  
Полная версия
ИС BestProfi