Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 22.07.2011 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 26 наурыздағы N 773 Жарлығы
1995 жылғы 26 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 17-1-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1) Қазақстан Республикасының "Сырбар" Сыртқы барлау қызметі туралы ереже; 
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Президентінің
 2009 жылғы 26 наурыздағы
 N 773 Жарлығымен
 БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасының "Сырбар" Сыртқы барлау қызметі туралы ЕРЕЖЕ 
Осы Ереже Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына және басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасының "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің мәртебесін және өкілеттіктерін айқындайды.
1. Қазақстан Республикасының "Сырбар" Сыртқы барлау қызметі (бұдан әрі - "Сырбар" қызметі) - сыртқы барлау саласындағы уәкілетті орган функциялары жүктелген Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган. 
2. "Сырбар" қызметі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне және өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 
3. "Сырбар" қызметі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген мөрі, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық органдарында есепшоттары болады. 
4. "Сырбар" қызметі әскери құрылым болып табылады және Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету күштеріне жатады, рәмізі, жалауы, ведомстволық наградалары мен омырау белгілері, нақты және шартты атаулары болады. 
5. "Сырбар" қызметі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан кіреді. 
Полная версия
ИС BestProfi