Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Внимание! Документ утратил силу с 29.12.2016
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 11 қыркүйектегі N 1376 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 27 қыркүйек N 1256
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 29.12.2016 жылғы № 904 Қаулысына сәйкес
1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау қызметін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 11 қыркүйектегі N 1376 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 40, 455-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін:
1-тармақта:
Ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Келімбетов Қайрат Нематұлы - Қазақстан Республикасының
Қаржы бірінші вице-министрі;
Ертілесова Жәннат Жүрғалиқызы - Қазақстан Республикасының
Қорғаныс вице-министрі;
көрсетілген құрамнан Болат Бидахметұлы Жәмішев шығарылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ережеде:
4-тармақтың бесінші абзацындағы "әзірлеу" деген сөзден кейін ";" белгісі қойылып, "болып табылады" деген сөздер алынып тасталсын және мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
"мемлекеттік органның өтініші бойынша мерзімдерді ауыстыру және тиісті жылға арналған Заң жобалау жұмыстарының жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәселелерді қарау;
Үкіметтің Парламент Мәжілісінен заң жобаларын қайтарып алу мәселелері бойынша ұсынымдарды алдын-ала әзірлеу;
Парламент депутаттары бастамашылық еткен заң жобалары Үкіметке түскен күнінен бастап бір айлық мерзімде оларды он не өзге бағалау жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатымен қарау;
Үкіметтің мемлекеттік және өзге де бағдарламаларының, тұжырымдамаларының, іс-шараларының жобалары нормаларын заң жобалаумен қамтамасыз ету бөлігінде келісу; әзірлеушілер дайындаған заң жобаларын жобалар сараптамасын орындау мақсатында Үкіметке берудің ағымдағы жедел мерзімдерін айқындау; заң кесімдерімен реттеліп қойған қатынастар бойынша заң жобаларын әзірлеу туралы ұсыныстарды алдын ала қарау; заң жобаларын ғылыми, криминологиялық және өзге де сараптамаға жіберу туралы ұсынымдар әзірлеу".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары
Полная версия