"Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 03.02.2017
"Кенді, кенсіз және ұсақ тау жынысты кен орындарын ашық тәсілмен игеру үдерістерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қарашадағы N 1939 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2017 жылғы 3 ақпаннан бастап ҚР Үкіметінің 30.01.2017 жылғы № 29 Қаулысына сәйкес
1. Қоса беріліп отырған "Кенді, кенсіз және ұсақ тау жынысты кен орындарын ашық тәсілмен игеру үдерістерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қарашадағы N 1939 қаулысымен бекітілген
"Кенді, кенсіз және ұсақ тау жынысты кен орындарын ашық тәсілмен игеру үдерістерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті
1. Қолданылу саласы
1. Осы "Кенді, кенсіз және ұсақ тау жынысты кен орындарын ашық тәсілмен игеру үдерістерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті (бұдан әрі - Техникалық регламент) пайдалы қазбалардың кенді, кенсіз және ұсақ тау жынысты кен орындарын ашық тәсілмен игерумен байланысты өндірістік үдерістердің қауіпсіздігіне қойылатын ең төменгі талаптарды белгілейді.
2. Мыналар:
1) тау-кен жыныстарының тұрақсыздығы;
2) қолданыстағы электр қондырғылары;
3) су басу қаупі;
4) жанғыш пайдалы қазбалардың өздігінен тұтануы;
5) персоналдың дұрыс емес әрекеті;
6) таулы жердегі көшкіндер мен селдер;
7) ауа ортасының ластануы;
8) радиациялық қауіптілік;
9) Жарылыс, өрт қауіптілігі жол берілмеуі тиіс негізгі қауіпті факторлар (қауіп-қатерлер) болып табылады.
Полная версия