Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң әскери нышандары туралы
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы. 1996 жылғы 18 шiлде N 3068
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң әскери нышандарын белгiлеу мақсатында қаулы етемiн:
1. Мыналар Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң әскери нышандары болып белгiленсiн: 
1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi түрлерiнiң (Құрлықтағы әскерлердiң, Әскери-Әуе Күштерiнiң, Әуе қорғанысы әскерлерiнiң және Әскери-Теңiз Күштерiнiң) тулары; 
2) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi әскери бөлiмдерiнiң жауынгерлiк тулары; 
3) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң нышаны. 
1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi түрлерi туларының бейнесi мен сипаттамасы (сызба, түрлi-түстi бейнесi мен сипаттама мәтiнi қоса берiлiп отыр); 
2) Әскери бөлiмнiң жауынгерлiк туының бейнесi мен сипаттамасы (сызба, түрлi-түстi бейнесi мен сипаттама мәтiнi қоса берiлiп отыр); 
3) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi Нышанының бейнесi (сызба және түрлi-түстi бейнесi қоса берiлiп отыр); 
4) Әскери бөлiмнiң Жауынгерлiк Туы туралы ереже (қоса берiлiп отыр). 
1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi түрлерiнiң тулары, әскери бөлiмдерiнiң жауынгерлiк тулары мен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Нышанын жасау заңда белгiленген тәртiппен берiлетiн тиiстi лицензия болған жағдайда жүзеге асырылады; 
2) Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында жүрген адамдар Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң туларын, әскери бөлiмдерiнiң жауынгерлiк туларын және Қарулы Күштерiнiң Нышанын қастерлеуге мiндеттi; 
3) Қазақстан Республикасының жауынгерлерi, сондай-ақ әскери жиындарға шақырылған азаматтар Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi түрлерiнiң туларын, әскери бөлiмдерiнiң жауынгерлiк тулары мен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Нышанын қастерлеуге, ұрыс кезiнде жауынгерлiк туларды қайсарлықпен және ерлiкпен қорғауға, олардың дұшпан қолына түсуiне жол бермеуге мiндеттi; 
4) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi түрлерiнiң туларын, әскери бөлiмдерiнiң жауынгерлiк тулары мен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Нышанын қорлауға кiнәлi адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады. 
1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi түрлерiнiң тулары ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тiк бұрышты мата. Күн шұғыла және қыран бейнелерi - алтын түстес; 
2) Құрлықтағы әскерлер мен Әуе қорғанысы әскерлерi туларының маталары - көгiлдiр түстi, Құрлықтағы әскерлер туының матасында оң жақ бетiнiң сол жағында және сыртқы бетiнiң оң жағында жоғарғы бұрышында - қызыл түстi бес бұрышты жұлдыз, Әуе қорғанысы әскерлерi туының матасында оң жақ бетiнiң сол жағында және сыртқы бетiнiң оң жағында жоғарғы бұрышында матаның 1:3 көлемiне екi жағының қатынасы тең келетiн тiк бұрышта - ортасында қызыл түстi бес бұрышты жұлдыз және одан ақ түстi сәулелер таралған тiк бұрыш; 
3) Әскери-Әуе Күштерi туының матасы - көгiлдiр түстi, жоғарғы бөлiгiнде көлденеңiнен симметриялы ақ түстi сәулелердiң бейнесi бар, матаның оң жақ бетiнiң сол жағында және сыртқы бетiнiң оң жағында жоғарғы бұрышында - қызыл түстi бес бұрышты жұлдыз; 
Полная версия
ИС BestProfi