Көтермелеудің салалық жүйесі туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2007 жылғы 12 сәуірдегі N 111 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 30 сәуірдегі Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4651 болып енгізілді.
Осы Бұйрық күшін жойды 2016 жылғы 16 тамыздан бастап ҚР Мәдениет және спорт министрінің 27.06.2016 жылғы № 181 Бұйрығына сәйкес
«Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабының 11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе өзгертілді ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 27.09.2013 жылғы № 229 Бұйрығымен (09.04.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.11.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Мәдениет саласының қызметкерлерін көтермелеудің салалық жүйесі
Салалық жүйесі өзгертілді ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 09.04.2012 жылғы № 29 (12.04.2007 ж. редакцияны қараңыз) Бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
1. Осы мәдениет саласының қызметкерлерін көтермелеудің салалық жүйесі «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабы 11) тармақшасына сәйкес (бұдан әрі – Көтермелеу) әзірленген.
1-тармақ өзгертілді ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 27.09.2013 жылғы № 229 Бұйрығымен (09.04.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.11.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3. Мәдениет саласының қызметкерлерін көтермелеу мақсатында "Мәдениет саласының дамуына қосқан үлесі үшін" құрмет дипломы (бұдан әрі - Құрмет дипломы) осы Көтермелеудің қосымшасына сәйкес нысанда белгіленеді.
4. Құрмет дипломымен мәдениет және өнер саласының дамуына ерекше үлес қосқан және қызметтік міндеттерін үлгілі орындаған мәдениет жүйесінің қызметкерлері марапатталады, Құрмет дипломымен осы салада үш жылдан аса еңбек өтілі бар мәдениет және өнер саласының қызметкерлері марапатталады.
6. Мәдениет және өнер саласының қызметкерлерін Құрмет дипломымен марапаттау үшін, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіне үміткердің нақты сіңірген еңбектері, сіңірген еңбегінің дәрежесін ашатын жетістіктері мен табыстары жазылуы тиіс мінездеме (аты-жөні, тегі, білімі, еңбек өтілі, жеткен жетістіктері көрсетілуі қажет) ұсынылады, оған кандидатты ұсынған мемлекеттік органның немесе ұйымның басшысы қол қояды.
8. Материалдар Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің ведомстволық наградалар жөніндегі комиссиясының отырысында қаралады. Комиссия шешімдері хаттамамен ресімделеді және Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің қарауына енгізіледі.
11. Мемлекеттік органдардың немесе басқа да ұйымдардың кадр қызметі қызметкердің еңбек кітапшасына және жеке іс-қағазына марапаттау туралы бұйрықтың шыққан күні мен нөмірін көрсете отырып, тиісті жазба енгізеді.