Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 10.12.2015
Аса жеңіл авиация саласында сертификаттау қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 318 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 10 желтоқсаннан бастап ҚР Үкіметінің 24.11.2015 жылғы № 941 Қаулысына сәйкес
«Аса жеңіл авиация саласында сертификаттау қағидаларын бекіту туралы» ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 24.02.2015 жылғы № 194 Бұйрығын қараңыз
Редакция 30.12.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 13-бабының 12) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Аса жеңіл авиация саласында сертификаттау қағидасы бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң  қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2011 жылғы 31 наурыздағы
 № 318 қаулысымен
 бекітілген
Аса жеңiл авиация саласында сертификаттау қағидасы
Қағида өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.12.2013 жылғы № 1424 Қаулысымен (31.03.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.01.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1. Осы Аса жеңiл авиация саласындағы сертификаттау қағидасы (бұдан әрi – Қағида) «Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы» 2010 жылғы 15 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 12) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және аса жеңiл авиация саласындағы сертификаттау тәртiбi айқындайды.
2. Осы Қағидада пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар:
1) өтiнiм – өтiнiш берушiнiң сертификаттау рәсімін өту үшiн азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органға жазбаша өтiнiшi;
2) өтініш беруші – аса жеңіл авиацияның әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын алу үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға өтініш берген жеке немесе заңды тұлға;
3) ұшуға жарамдылық – әуе кемесiнiң қауiпсiздiгi мен ұшу сапасын қамтамасыз ететiн ұшу-техникалық сипаттамаларға сай келетін оның техникалық жай-күйі.
3. Аса жеңiл авиацияның әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығын және аса жеңiл авиацияның бекітілген үлгілік конструкциясы жоқ әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын сертификаттауды әуе кемелерін пайдаланушыларды біріктіретін коммерциялық емес ұйымдарды тарта отырып, азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
4. Аса жеңiл авиацияның әуе кемесiнiң техникалық жай-күйiн тексеру және ұшуға жарамдылығын айқындау үшiн коммерциялық емес тиiстi ұйымдар азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша аса жеңiл авиацияның әуе кемелерiн тексеру бойынша тұрақты жұмыс iстейтiн техникалық комиссия (бұдан әрi – техникалық комиссия) құрады.
Техникалық комиссияның құрамына білікті, әуе кемелерін пайдалануда кемінде бес жыл практикалық тәжірибесі бар техникалық сарапшылар мен ұшқыштар, сертификаттау орталықтарының, ғылыми-зерттеу, сынау және басқа да ұйымдар басшыларының келісімі бойынша осы ұйымдардың мамандары кіреді.
2. Аса жеңiл авиацияның әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылығын сертификаттау
5. Сертификаттау мынадай тәртiппен жүзеге асырылады:
Полная версия
ИС BestProfi