Қазақстан Республикасының аумағында шаруашылықішілік аңшылықты ұйымдастыру жөніндегі қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 17-03/362 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 17 тамызда № 7851 тіркелді
Осы Бұйрық 2024 жылғы 10 маусымнан бастап күшін жойды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 21.05.2024 жылғы № 107 Бұйрығына сәйкес
«Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 36) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 24.12.2015 жылғы № 18-03/1111 Бұйрығына сәйкес (16.07.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.01.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті (Е.Н. Нысанбаев) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оны ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
1. Осы Қазақстан Республикасының аумағында шаруашылықішілік аңшылықты ұйымдастыру жөніндегі қағида (бұдан әрі – Қағида) «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 36) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағында шаруашылықішілік аңшылықты ұйымдастыру тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 24.12.2015 жылғы № 18-03/1111 Бұйрығына сәйкес (16.07.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.01.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
3) жануарлардың оңтайлы тығыздығы – алқаптардың өнімділігі барынша толық пайдаланылатын, жануарлар өздерінің қысқы азық базасын бүлдірмейтін әрі орман және ауыл шаруашылығына елеулі зиян келтірмейтін жануарлар саны;