"Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Внимание! Документ утратил силу с 20.11.2017
"Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асырудың кейбір мәселелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 15 қазандағы N 1328 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 20.11.2017 жылғы № 759 Қаулысына сәйкес
Редакция 29.06.2012 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған:
4) мемлекеттік қабылдау комиссиясының салынған объектіні пайдалануға қабылдау туралы актісінің бірыңғай нысаны бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 02.12.2010 № 1277 (29.09.2009 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 15 қазандағы N 1328 қаулысымен бекітілген
Қабылдау және жұмыс комиссиясының өкілеттіктері, міндеттері және міндетті құрамы
Қаулы қосымшамен толықтырылды ҚР Үкіметінің 02.11.2011 № 1277 (29.09.2009 жылғы редакцияны қараңыз)(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен; жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 29.06.2012 № 880 Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
1. Қабылдау комиссиясының өкілеттіктері, міндеттері және міндетті құрамы
1. Қабылдау комиссиясының өкілеттігіне мыналар кiредi:
1) «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңының (бұдан әрі – Заң) 76-бабында көзделген объектiлердi олар бекiтiлген жобаға сәйкес және пайдалануға қабылдау туралы актiнi ресiмдей отырып, пайдалануға толық дайын болған кезде қабылдау;
2) жобалау, іздестiру және (немесе) құрылыс-монтаж жұмыстарының орындалмауына немесе сапасыз орындалуына жол берген адамдарды заңнамада белгiленген тәртiппен жауапқа тарту жөнiндегі ұсыныстарымен, анықталған бұзушылықтарды жою үшін тапсырыс берушіге (инвесторға, құрылыс салушыға) және бас мердiгерге пайдалануға берiлетiн объектiнiң жарамсыздығы туралы қорытынды беру.
2. Қабылдау комиссиясының өкiлеттiктерi қабылдау үшiн комиссия тағайындалған объектiге ғана қолданылады.
Қабылдау комиссиясының нақты объект бойынша өкiлеттiктерi тапсырыс беруші (инвестор, құрылыс салушы) оны тағайындаған күнiнен басталады және объектiнi қабылдау туралы актіге қол қойған күнінен бастап тоқтайды.
3. Қабылдау комиссиясының мiндетiне мыналар кiредi:
Полная версия