Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Внимание! Документ утратил силу с 06.06.2006
Жер учаскесіне құқығын куәландыратын құжаттардың нысандарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 тамыздағы N 851 қаулысы
1. Жер учаскесіне құқығын куәландыратын құжаттардың:
1) жер учаскесіне жеке меншік құқығын беретін актінің;
2) тұрақты жер пайдалану құқығын беретін актінің;
3) уақытша (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беретін актінің;
4) уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығын беретін актінің нысандары бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Азаматтар мен заңды ұйымдарға жер учаскесіне меншік құқығын, тұрақты жер пайдалану құқығын беретін актілерді беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 8 сәуірдегі N 402 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 15 125-құжат);
2) "Уақытша жер пайдалану туралы үлгілік шарттардың нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 6 желтоқсандағы N 1495 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 50, 487-құжат);
3) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 26 шілдедегі N 1009 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 28, 353-құжат).
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 тамыздағы N 851 қаулысымен бекітілген
Жер учаскесіне жеке меншік құқығын беретін Акт
N_____________
Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі _________________________________
Меншік иесі _______________________________________________________
___________________________________________________________________
Полная версия