Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 31.03.2021
"Биодизель қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 10 ақпандағы № 116 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 31.03.2021 жылғы № 189 Қаулысына сәйкес 
«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Биодизель қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2011 жылғы 10 ақпандағы
 № 116 қаулысымен
 бекітілген
«Биодизель қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті
1. Осы Техникалық регламент Кеден одағының сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес 27 «Минералды отын, мұнай және олардан өңделген өнімдер, битуминозды заттар; минералды балауыз» тобының 2710 кіші тобына кіретін өндірілетін (әзірленетін) және әкелінетін (импортталатын) биодизель қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды белгілейді.
2. Биодизель өндірісі және айналымы кезінде:
1) химиялық препараттарды және реактивтерді сақтықсыз қолдану;
2) қоршаған ортаның, жабдықтардың үстіңгі бетінің жоғары немесе төмен температурасы;
3) биодизельді басқа сұйықтармен араластыру;
4) биодизельді өндіру, қолдану, тасымалдау, буып-түю және сақтау кезінде отты сақтықсыз қолдану;
5) жылудың артық мөлшері бөлінетін, қауіпті пайдалану процестері;
6) буып-түюдің және құюдың саңылаусыз еместігі;
8) көзге, ішек-қарын жолына, шырышты қабыршаққа және адам терісіне түсуі қауіпті факторлар болып табылады.
3. Биодизельді сәйкестендіру жиынтығында сәйкестендіруге жеткілікті болатын таңбалау және ілеспе құжаттар, параметрлер, көрсеткіштер мен талаптар бойынша жүргізіледі.
Полная версия
ИС BestProfi