Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 03.02.2017
"Ауыл шаруашылығы және орман ағаштарын дайындайтын тракторлардың, тіркемелер мен машиналардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы N 1295 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2017 жылғы 3 ақпаннан бастап ҚР Үкіметінің 30.01.2017 жылғы № 29 Қаулысына сәйкес
"Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қоса беріліп отырған "Ауыл шаруашылығы және орман ағаштарын дайындайтын тракторлардың, тіркемелер мен машиналардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті бекітілсін. 
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2008 жылғы 30 желтоқсандағы
 N 1295 қаулысымен
 бекітілген
"Ауыл шаруашылығы және орман ағаштарын дайындайтын тракторлардың, тіркемелер мен машиналардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті 1. Қолданылу саласы
1. Осы "Ауыл шаруашылығы және орман ағаштарын дайындайтын тракторлардың, тіркемелер мен машиналардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенттің (бұдан әрі - Техникалық регламент) талаптары Қазақстан Республикасындағы жасалған және шетелден әкелінетін ауыл және орман шаруашылығына арналған жаңа және жаңғыртылған тракторларға, трактор тіркемелеріне, жартылай тіркемелерге және машиналарға (бұдан әрі - машиналар) қолданылады.           Осы техникалық регламенттің әрекеті қолданылатын машиналардың тізбесі мен Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметі тауар номенклатурасының (бұдан әрі - ҚР СЭҚ ТН) сыныптамасы бойынша оның кодтары осы Техникалық регламентке 1-қосымшада көрсетілген. 
2. Осы техникалық регламенттің талаптары Қазақстан Республикасының аумағына кемінде екі ай мерзімге әкелінетін немесе оларды иеліктен айыру мүмкіндігін көздемейтін кедендік режімдерге орналастырылатын машиналарға қолданылмайды. 
3. Осы регламенттің қауіпсіздік талаптарын қолдануға қатысты пайдалану процесінде адамдардың өмірі мен денсаулығына және қоршаған ортаға машиналар әкелетін қауіптердің тізбесі осы Техникалық регламентке 2-қосымшада көрсетілген.
4. Осы Техникалық регламентте "Техникалық реттеу туралы " және "Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы " Қазақстан Республикасының заңдарында қолданылған негізгі терминдер сондай-ақ мынадай терминдер және анықтамалар қолданылады: 
аспалы машина - салмағы көлік жағдайында толықтай энергетикалық құралға жалғанатын трактордың немесе энергетикалық құралдың үш нүктелі аспалы жүйесіне бекітілген машина; 
болжамды дұрыс қолданбау - машинаны дайындаушы көздемеген, бірақ адам мінез-құлқының жалпы заңдылығы негізінде оңай болжанатын пайдалану; 
жаңғыртылған машина - конструкциясына оны жақсарту мақсатында сериялық өндіріс жағдайында өзгеріс енгізілген машина; 
жартылай аспалы машина - салмағы көлік жағдайында ішінара тракторға немесе энергетикалық құралға жалғанатын және үлкен бөлігі өз дөңгелегімен жүретін машина. Машина жұмыс жағдайынан көлік жағдайына ауысқан кезде энергетикалық құралға жалғанатын шарнирлік нүкте биіктік бойынша жаңа жағдайға мәжбүрлі түрде ауысады; 
жартылай тіркеме машина - салмағы көлік жағдайында ішінара тракторға немесе энергетикалық құралға жалғанатын және үлкен бөлігі ез дөңгелегімен жүретін машина. Машина жұмыс жағдайынан көлік жағдайына ауысқан кезде энергетикалық құралға жалғанатын шарнирлік нүкте биіктік бойынша өз жағдайын өзгертпейді; 
К нүктесі - орындықтың бақылау нүктесіне қатысты көрініс параметрлері басталатын нүкте; 
қорғаныс қоршауы - физикалық тосқауыл түрінде қорғауды қамтамасыз етуге арнайы арналған машинаның бір бөлігі. 
Полная версия
ИС BestProfi