Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 03.10.2015
Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеруді ұйымдастыруын сертификаттау және сертификат беру қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 маусымдағы № 646 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 3 қазаннан бастап ҚР Үкіметінің 11.09.2015 жылғы № 774 Қаулысына сәйкес
«Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің жете тексеруді ұйымдастыруын сертификаттау және сертификат беру қағидаларын бекіту туралы» ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 24.02.2015 жылғы № 160 Бұйрығын қараңыз
Редакция 04.12.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 13-бабының 43) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеруді ұйымдастыруын сертификаттау және сертификат беру қағидасы бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2011 жылғы 9 маусымдағы
 № 646 қаулысымен
 бекітілген
Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеруді ұйымдастыруын сертификаттау және сертификат беру қағидасы
1. Осы Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеруді ұйымдастыруын сертификаттау және сертификат беру қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеруді ұйымдастыруын сертификаттау және әуежай пайдаланушыларына сертификат беру тәртібін белгілейді.
2. Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеруді ұйымдастыру жөніндегі сертификатын басқа адамға беруге болмайды.
3. Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеруді ұйымдастыруы жөніндегі сертификаты саласы мен қолданыс мерзімі көрсетіле отырып, екі жыл мерзімге беріледі.
4. Қағидада мынадай терминдер мен ұғымдар пайдаланылады:
1) өтінім - өтініш берушінің қарап тексеруді ұйымдастыру жөніндегі сертификаттау рәсімінен өту үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға жазбаша өтініші;
2) өтініш беруші — әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеруді ұйымдастыруы жөніндегі сертификатты (бұдан әрі - қарап тексеруді ұйымдастыру жөніндегі сертификат) алу үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға өтініш білдірген әуежай пайдаланушысы;
3) сертификаттық тексеру - азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган жүзеге асыратын, өтініш берушінің сертификаттық талаптарға сәйкестігін қарап тексеруді жүзеге асыратын құралдарды, жабдықтарды, технологиялық үдерістерді, құжаттаманы, ұйымдық құрылымды, персоналдың біліктілігін тексеру;
4) сертификаттық талаптар - азаматтық авиацияның сертификаттау саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптар;
5) қарап тексеру кезінде қолданылатын техникалық құралдар - жолаушыларды, қол жүгін, жүкті, багажды, поштаны, борттық қорды, әуе  кемелерінің экипаж мүшелерін, авиация персоналын қарап тексеруді жүзеге асыру кезінде, сондай-ақ азаматтық авиация қызметіне заңсыз араласу әрекеттерінен қорғауға арналған дербес немесе қандай да бір жүйенің бөлігі ретінде пайдалануға арналған арнайы қондырғылар;
7) Тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
7-тармақша алынып тасталды ҚР Үкіметінің 04.12.2013 жылғы № 1308 Қаулысымен (21.05.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)  26.12.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Полная версия
ИС BestProfi