Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылар конкурстарының, кәсіби шеберлік конкурстарының және спорттық жарыстардың тізбесін және оларды іріктеу өлшемшарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 514 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 27 желтоқсанда № 7355 тіркелді
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Оқуағарту министрінің м.а. 17.08.2022 жылғы № 371 Бұйрығына сәйкес (25.05.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 27.08.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 71) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Оқуағарту министрінің 07.08.2023 жылғы № 248 Бұйрығына сәйкес (25.05.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 28.08.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Оқуағарту министрінің м.а. 17.08.2022 жылғы № 371 Бұйрығына сәйкес (25.05.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 27.08.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылар конкурстарының, кәсіби шеберлік конкурстарының және спорттық жарыстардың тізбесі осы бұйрыққа 1 - қосымшаға сәйкес;
2) Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылар конкурстарының, кәсіби шеберлік конкурстарының және спорттық жарыстардың тізбесіне іріктеу өлшемшарттары осы бұйрыққа 2 - қосымшаға сәйкес.
Қазақтан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2011 жылғы 7 желтоқсандағы
№ 514 бұйрығына 1 - қосымша
Жоғарғы оң жақ бұрышы жаңа редакцияда жазылды ҚР Оқуағарту министрінің м.а. 17.08.2022 жылғы № 371 Бұйрығына сәйкес (25.05.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 27.08.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылар конкурстарының, кәсіби шеберлік конкурстарының және спорттық жарыстардың тізбесі
Тізбе өзгертілді ҚР Білім және ғылым министрінің 06.05.2013 жылғы № 175 Бұйрығымен (07.12.2011 ж. редакцияны караңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 12.06.2013 жылғы "Егемен Қазақстан" Республикалық газетінде жарияланды
Тізбе өзгертілді ҚР Білім және ғылым министрлігінің 12.11.2014 жылғы № 460 Бұйрығымен (06.05.2013 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.12.2014 жылы № 237 (28460) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Тізбе өзгертілді ҚР Білім және ғылым министрінің 02.07.2015 жылғы № 434 Бұйрығымен (12.11.2014 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.08.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Тізбе өзгертілді ҚР Білім және ғылым министрінің 31.03.2017 жылғы № 139 Бұйрығымен (02.07.2015 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.05.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Тізбе өзгертілді ҚР Білім және ғылым министрінің 16.10.2019 жылғы № 450 Бұйрығымен (өзгерту 01.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Тізбе өзгертілді ҚР Білім және ғылым министрінің 06.03.2020 жылғы № 89 Бұйрығымен (16.10.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 23.03.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Тізбе жаңа редакцияда жазылды ҚР Білім және ғылым министрінің 25.05.2021 жылғы № 232 Бұйрығына сәйкес (06.03.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.06.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Жалпы білім беретін пәндер бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының 1-2 курс студенттеріне арналған республикалық олимпиада;
Ауыл мектептеріне арналған «Мың бала» Ұлттық зияткерлік олимпиадасы;
2
Қ. Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиетінен олимпиада;
3
11 (12) сынып оқушылары арасындағы «Сардар» кешенді олимпиадасы;
4
Қ. Сәтбаев атындағы 9 сынып оқушыларына арналған химия пәні бойынша олимпиада;
5
2-4 сынып оқушыларына арналған «Бастау» математикалық олимпиадасы;
6
7-11 (12) сынып оқушыларына арналған қазақ тілінен «Жарқын болашақ» олимпиадасы;
7
Химиядан мамандандырылған-бейіндік 10-11 (12) сынып оқушылары арасындағы Ә. Бектұров атындағы олимпиада;
8
5-11 (12) сынып оқушылары арасындағы «Тарих ата» олимпиадасы;
9
Өзге ұлт оқушылары арасында қазақ тілінен 5-11 (12) сынып оқушыларына арналған «Тіл – тәуелсіздік тұғыры» олимпиадасы;
10
9-11 (12) сынып оқушыларына арналған қаржы және экономикадан олимпиада;
11
9-11 (12) сынып оқушыларына арналған экологиядан олимпиада;
12
Қазақ тілі мен әдебиетінен «Абайтану» олимпиадасы;
13
«Қазақстан білім олимпиадасы» мамандандырылған білім беру ұйымдары, «Назарбаев зияткерлік мектебі» ДББҰ, халықаралық мектептердің 10-11 (12) сынып оқушыларына арналған олимпиада;
14
7-11 (12) сынып оқушыларына арналған электроника және смарт-технологиялар бойынша олимпиада;
15
«IQanat» олимпиадасы;
16
Жеке және халықаралық мектептерге арналған «Young challenger» олимпиадасы;
17
Жалпы білім беретін мектептерге арналған «Ақбота» зияткерлік олимпиадасы.
11 сынып оқушыларына арналған «Әл-Фараби» халықаралық олимпиадасы;
2
10-12 сынып оқушыларына арналған Қазақстан-Британ техникалық университетінің Республикалық пәндік олимпиадасы;
3
Сүлейман Демирель атындағы университеттің мектептері мен колледждері түлектерінің арасында бейінді пәндер бойынша біліктілікті арттыруға арналған «SPT» олимпиадасы;
4
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 11 (12) сынып оқушылары арасындағы «Абай сыйы» республикалық пәндік олимпиадасы;
5
Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің 11(12) сынып оқушыларына арналған «Яссауи» республикалық олимпиадасы;
6
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің Халықаралық физика олимпиадасы;
7
Қазақ Ұлттық Педагогикалық Қыздар Университетінің 10-11 сынып оқушыларына арналған физика, математика, информатика пәндерінен «Білім шыңы» республикалық олимпиадасы;
8
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің жалпы білім беретін пәндерінен республикалық олимпиада;
9
С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің «Туған ел. Туған жер. Туған глобал» атты Қазақстан тарихы, өлкетану және археология бойынша республикалық олимпиадасы;
10
Astana IT University-нің «AITU icode» республикалық бағдарламалау олимпиадасы.
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасында цифрлық дағдыларды қолдана отырып, әр түрлі салаларда ІТ-шешімдерді дамыту жөніндегі Hackathon республикалық идеялар конкурсы;
2
Туристік-өлкетану экологиялық зерттеу жұмысының республикалық конкурсы «Гулдене бер, Қазақстан!»;
3
«Колледждердің үздік 100 студенті» республикалық конкурсы;
4
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасында «Мен - кәсіпкермін» республикалық Гранд турнирі;
5
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасында «Жас турист» конкурсы.
«Алтын қазына» көркем және сәндік-қолданбалы балалар шығармашылығының көрме конкурсы (оның ішінде аудандық, қалалық, облыстық, республикалық);
21
«Алау» («Жас улан») әскери спорттық ойындардың финалы (оның ішінде аудандық, қалалық, облыстық, республикалық);
22
«Моя инициатива – моей Родине» шығармашылық жобалар байқауы (оның ішінде аудандық, қалалық, облыстық, республикалық);
23
«Ашық алаң» республикалық интеллектуалдық оқушылар арасындағы турнир (оның ішінде аудандық, қалалық, облыстық, республикалық);
24
Қазақстан Республикасының мамандырылған мектептері мен музыкалық колледждері оқушылары арасындағы республикалық кіші олимпиадасы (Қазақ ұлттық консерваториясы).
«Үздік педагог» республикалық және облыстық конкурсы;
2
Оңалту орталығы мен психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің «Үздік педагог» республикалық конкурсы;
3
«Арнайы білім берудің жаңашыл-педагогы» республикалық конкурсы;
4
«Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның үздік педагогы» республикалық конкурсы;
5
«Үздік жыл психологы» республикалық конкурсы;
6
«Үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурсы;
7
«Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық конкурсы;
8
Математика пәні мұғалімдеріне арналған «Математикалық регата» республикалық олимпиадасы;
9
«Дарынды балаларға - талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасы;
10
Мұғалімдерге арналған пәндер бойынша «ПедСтарт» қашықтық олимпиадасы;
11
Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Алтын тұғыр» республикалық олимпиадасы;
12
«Виртуалды Білім беру бағыты шеңберінде» еліміздің үздік педагогтерінің эстафетасы»;
13
«Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогы» республикалық конкурсы (Мектепке дейінгі балалық шақ);
14
«Мектепке дейінгі ұйымның жыл әдіскері» республикалық конкурсы (Мектепке дейінгі балалық шақ);
15
Мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейынгі, жоғары білім беру ұйымдарына арналған бейне-сабақтар мен бейне дәрістердің «Педагогикалық идеялар панорамасы» республикалық конкурсы;
16
Нақты жобаларды қорғау;
17
Әлеуметтік идеялар мен жобалар;
18
Үздік авторлық бағдарлама;
19
«Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз» жас педагогтердің республикалық байқауы
20
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің инновациялық жұмыстарының республикалық конкурсы;
21
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы мұнай-газ саласы бойынша кәсіби шеберліктің республикалық конкурсы;
22
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы көлік және байланыс саласы бойынша кәсіби шеберліктің республикалық конкурсы;
23
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы инженерлік сала бойынша кәсіби шеберліктің республикалық конкурсы;
24
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы құрылыс саласы бойынша кәсіби шеберліктің республикалық конкурсы;
25
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы ауыл шаруашылығы саласы бойынша кәсіби шеберліктің республикалық конкурсы;
26
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы энергетика саласы бойынша кәсіби шеберліктің республикалық конкурсы;
27
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы білім беру саласы бойынша кәсіби шеберліктің республикалық конкурсы;
28
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы тау-кен металлургия саласы бойынша кәсіби шеберліктің республикалық конкурсы;
29
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы сервис және қызмет көрсету саласы бойынша кәсіби шеберліктің республикалық конкурсы;
30
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы ІТ саласы бойынша кәсіби шеберліктің республикалық конкурсы;
31
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы денсаулық сақтау саласы бойынша кәсіби шеберліктің республикалық конкурсы;
32
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы спорт саласы бойынша кәсіби шеберліктің республикалық конкурсы;
33
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы мәдениет және өнер саласында саласы бойынша кәсіби шеберліктің республикалық конкурсы.
Бұйрығына қосымша
«Қазақтан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2011 жылғы 7 желтоқсандағы
№ 514 бұйрығына
2 - қосымша
2 - қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Оқуағарту министрінің м.а. 17.08.2022 жылғы № 371 Бұйрығына сәйкес (25.05.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 27.08.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылар конкурстарының, кәсіби шеберлік конкурстарының және спорттық жарыстардың тізбесіне іріктеу өлшемшарттары
- өткізу ережелері мен шарттарының болуы (ережелер, нұсқаулықтар, бағдарламалар) (1 балл);
- бағалау критерийлерін ескере отырып, өткен жылдардағы мысалдар мен тапсырмалар базасының болуы (1 балл);
- көтермелеу жүйесі, өткен жылдардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері туралы ақпараттың болуы (3 жылдан кем емес) (1 балл);
- іс-шараға қатысушылардың жас нормалары мен психологиялық ерекшеліктеріне сәйкестігі (1 балл);
- қатысушыларды психологиялық қолдау және сүйемелдеу (1 балл);
- қатысушылардың олимпиадалық дайындығы мен өткізу сапасының мониторингінің болуы (1 балл).
1-6
4
Іс-шараны өткізу шарттары:
- олимпиадаға немесе іс-шараларға тегін қол жеткізуді қамтамасыз ету (1 балл);
- қауіпсіз және жайлы ортаны қамтамасыз ету (1 балл);
-желілік өзара іс-қимылды (сұрақ-жауаптар, пікірлер) және өткізудің интеграцияланған жүйесін (күндізгі және қашықтықтан) ұйымдастыру (1 балл);
- қазылар алқасының сапалы және кәсіби құрамын, оның қызметінің объективтілігі мен ашықтығын қамтамасыз ету (1 балл);
- өткізу қорытындысы бойынша апелляция жүйесінің болуы (1 балл).
1-5
5
Дамытушы және ақпараттық орта:
- қатысушыларды педагогтердің әдістемелік, ақпараттық қолдауымен қамтамасыз ету (1 балл);
- дарынды және талантты тұлғаларды анықтау, мотивациялық орта құру (1 балл);
- жариялылық (ұйымдастырушылар мен серіктестер), қатысушылардың, ата-аналардың, ғылыми және педагогикалық, шығармашылық қоғамдастықтың пікірлерінің болуы (1 балл).
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарын (ғылыми жарыстар), орындаушылар конкурстарын, кәсіби шеберлік конкурстарын және спорттық жарыстарды (бұдан әрі – іс-шаралар) іріктеу кестеде көрсетілген өлшемшарттарға сәйкес жүзеге асырылады.