Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2007-2009 жылдарға арналған орта мерзiмдi жоспары (екiншi кезең) туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы N 822 Қаулысы
Редакция 20.07.2009 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының орта мерзiмдi жоспарларын әзiрлеудiң ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 14 маусымдағы N 647 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2007-2009 жылдарға арналған орта мерзiмдi жоспары (екiншi кезең) (бұдан әрi - Жоспар) мынадай құрамда бекiтiлсiн:
1) Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2007-2009 жылдарға арналған негiзгi бағыттары ( 1-бөлiм );
2) Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2007-2009 жылдарға арналған мемлекеттiк реттеуiштерi ( 2-бөлiм );
3) 2007-2009 жылдарға арналған қолданыстағы және әзiрленетiн мемлекеттiк және салалық (секторалдық) бағдарламалардың тiзбесi ( 4-бөлiм );
4) қолданыстағы және әзiрленетiн мемлекеттiк және салалық (секторалдық) бағдарламалар бөлiнiсiндегi 2007-2009 жылдарға арналған басымды бюджеттiк инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тiзбесi ( 5-бөлiм ).
4. Жоспар құрамында Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2007-2009 жылдарға арналған маңызды көрсеткiштерiнiң болжамы ( 3-бөлiм ) мақұлдансын.
5. Ұлттық компанияларды дамытудың 2007-2009 жылдарға арналған негiзгi бағыттары мен негiзгi көрсеткiштерiнiң болжамы ( 6-бөлiм ) назарға алынсын.
6. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi тиiстi облыстар мен қалалардың әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2007-2009 жылдарға арналған орта мерзiмдi жоспарларын уақтылы әзiрлеудi және заңнамада белгiленген тәртiппен бекiтудi қамтамасыз етсiн.
7. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлігі орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдармен бірлесіп, тоқсан сайын Қазақстан Республикасының Үкiметiн елдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуының жай-күйi туралы хабардар етсiн.
8. "Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2007-2009 жылдарға арналған орта мерзiмдi жоспары (бiрiншi кезең) туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылы 7 маусымдағы N 521  қаулысының (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2006 ж., N 22, 215-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
9. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы
 Үкiметiнiң
 2006 жылғы 25 тамыздағы
 N 822 қаулысымен
 бекiтiлген Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық
 дамуының 2007-2009 жылдарға арналған орта мерзiмдi
 жоспары (екiншi кезең)
1-бөлiм. Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2007-2009 жылдарға арналған негiзгi бағыттары
Полная версия
ИС BestProfi