Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.07.2023
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы әлеуметтік қызметкерлерді аттестаттау қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2011 жылғы 28 маусымдағы № 237-ө бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылғы 19 шілдеде № 7075 тіркелді
Осы Бұйрық 2023 жылғы 1 шілдеден бастап күшін жойды ҚР ПремьерМинистрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 08.06.2023 жылғы № 210 Бұйрығына сәйкес
Редакция 26.08.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 233-бабына және «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының заңының 8-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 30.09.2015 жылғы № 772 Бұйрығына сәйкес (23.04.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.02.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
1. Қоса беріліп отырған Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы әлеуметтік қызметкерлерді аттестаттау қағидасы бекітілсін.
2. Әлеуметтік көмек департаменті (Манабаева Қ.А.) заңнамада  белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың ресми жариялануын және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
1) «Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптарын және оларды аттестаттау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 26 қаңтардағы № 25-ө бұйрығының (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 5565 болып тiркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған, 2009 жыл, № 7);
2) «Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптарын және оларды аттестаттау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 26 қаңтардағы № 25-ө бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2010 жылғы 26 қаңтардағы № 21-ө бұйрығының (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 6068 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған, 2010 жыл, № 10) күші жойылды деп танылсын.
3-тармақ жаңа редакцияда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 23.04.2012 № 150-ө-м (28.06.2011 жылғы редакцияны қараңыз) Бұйрығымен.(алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі С. Ә. Ахметовке жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Респуликасының             Қазақстан Респуликасының 
Білім және ғылым министрі            Денсаулық сақтау министрі 
__________Б. Жұмағұлов               __________ С. Қайырбекова
Полная версия
ИС BestProfi