Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының 2012 жылғы 18 мамырдағы № 2 өкімімен бекітілген Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының XIX сессиясында берген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 16-тармағын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Қазақстан 2020: болашаққа жол" Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 ақпандағы № 191 қаулысы
Редакция 08.06.2017 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан 2020: болашаққа жол» Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мүдделі орталық және жергілікті мемлекеттік органдармен бірлесіп, бір ай мерзімде «Қазақстан 2020: болашаққа жол» Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлесін және оны Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 27 ақпандағы № 191 қаулысымен мақұлданған
«Қазақстан 2020: болашаққа жол» Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
Мазмұны
Кіріспе
3-бөлім. «Қазақстан 2020: болашаққа жол» Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру көзделетін нормативтік құқықтық актілердің тізбесі
Кіріспе
Кіріспе өзгертілді ҚР Үкіметінің 05.02.2015 жылғы № 42 Қаулысымен (17.06.2014 ж. редакцияны қараңыз)
Қазақстандықтар – жасампаз және жас ұлт: республиканың әрбір екінші тұрғыны 30 жасқа толмаған жастар. Қазақстанның болашағы Қазақстан жастарының даму деңгейімен, олардың қоғамға ықпалдасуымен байланысты, болашақтың негізі бүгін қаланады.
Жастар саясатының басымдықтары Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев бастама жасаған «Қазақстан – 2050» стратегиясының түйінді мақсаттарының бірі болып табылады.
Екінші абзацтың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгеріссіз қалды ҚР Үкіметінің 08.06.2017 жылғы № 350 Қаулысына сәйкес
Бүгінде еліміз өзінің алдына әлеуметтік жаңғыру, үдемелі инновациялық индустрияландыру және экономикалық ықпалдасу бойынша жаңа ауқымды міндеттер қояды. Тәуелсіздіктің 20 жылындағы жетістіктерді бекіте отырып, Қазақстан XXI ғасырдың үшінші он жылдығында әлемнің дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруге ниет білдіреді.
Бұл жағдайларда аға буынның жасампаз істерін жалғастыруға, ұлттық бәсекелестікке қабілеттіліктің деңгейін одан әрі жоғарылатуға, Қазақстанның XXI ғасырда гүлденуі мен әлемдік танылуын қамтамасыз етуге тиіс жастарға үлкен үміт пен жауапкершілік жүктеледі.
Мұндай миссия кәсіптік білімі, дені сау әрі адамгершілігі мол, бәсекеге қабілетті, патриот және әлеуметтік тұрғыдан жауапты жастардың ғана қолынан келеді. Осыған байланысты мемлекеттің басым міндеті мемлекеттік жастар саясатын уақыт талаптарына сай бейімдеу арқылы жастарды Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігінің маңызды факторына айналдыру.
Полная версия