Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 30.12.2009 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жобалардың ашық конкурстарын өткізу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 шілдедегі N 638 Қаулысы       
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің  16-бабына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі   ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жобалардың ашық конкурстарын өткізу ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2007 жылғы 27 шілдедегі
 N 638 қаулысымен
 бекітілген
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жобалардың ашық конкурстарын өткізу ережесі
1. Осы Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жобалардың ашық конкурстарын өткізу ережесі (бұдан әрі - Ереже) қоршаған ортаны қорғау саласындағы жобалардың ашық конкурсын өткізу тәртібін айқындайды. 
2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар қолданылады: 
1) қоршаған ортаны қорғау саласындағы жоба - қоршаған ортаны қорғау саласындағы белгілі бір мақсатқа (мақсаттарға) жетуге бағытталған жоспарланған іс-шара; 
2) қоршаған ортаны қорғау саласындағы басымдықтар - шұғыл практикалық жүзеге асу үшін неғұрлым маңызды деп танылған қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қызметтің бағыттары. 
3. Экологиялық бағдарламаларды әзірлеу үшін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган не жергілікті атқарушы органдар қоршаған ортаны қорғау саласындағы жобалардың (бұдан әрі - жобалар) ашық конкурстарын өткізу жолымен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі жобаларды іріктеуді жүргізеді.
2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жобалардың ашық конкурстарын өткізу тәртібі
4. Жобалардың ашық конкурсының үдерісі мынадай кезеңдерден тұрады: 
3) Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таратылатын мерзімді баспа басылымында хабарландыру жариялау; 
Полная версия
ИС BestProfi