1. Мыналар:
Стационарлық көмектің шектеулі көлемін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2009 жылғы 26 қарашадағы N 799 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2009 жылғы 2 желтоқсанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5949 болып енгізілді
#$Қолданушылардың назарына!Бұйрықтың күшіне енгізілу тәртібін 5-т. қараңыз.
Редакция 10.12.2010 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 34-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрыққа 1–қосымшаға сәйкес туберкулезге қарсы, жұқпалы, психиатриялық, наркологиялық медициналық ұйымдарды, қалпына келтіре емдеу және медициналық оңалту ұйымдарын, сондай-ақ паллиативтік көмек пен мейірбике күтімін көрсететін ұйымдарды қоспағанда стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында стационарлық көмектің шекті көлемдері;
2) осы бұйрыққа 2–қосымшаға сәйкес туберкулезге қарсы, жұқпалы, психиатриялық, наркологиялық медициналық ұйымдарда, қалпына келтіре емдеу және медициналық оңалту ұйымдарында, сондай-ақ паллиативтік көмек пен мейірбике күтімін көрсететін ұйымдардан басқа стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында стационарлық көмектің шекті көлемдері.
1-тармақ өзгертілді ҚР Денсаулық сақтау министрінің 10.12.2010 № 957 Бұйрығымен (10.11.2010 жылғы редакцияны қараңыз).(01.01.2011 бастап күшіне енеді)
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Стратегия және денсаулық сақтау саласын дамыту департаменті (А.Т. Айдарханов) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б. Бисмильдин) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оны ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Т.А. Вощенковаға жүктелсін.
5. Осы бұйрық 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді және ресми жариялануы тиіс.
Министрдің міндетін атқарушы Б. Садықов
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 26 қарашадағы N 799 бұйрығына 1-қосымша
1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 10.11.2010 № 881, өзгертілді ҚР Денсаулық сақтау министрінің 10 (16.06.2010 жылғы редакцияны қараңыз)(ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі).12.2010 № 957 Бұйрықтарымен.(01.01.2011 бастап күшіне енеді)
Туберкулезге қарсы, жұқпалы, психиатриялық, наркологиялық медициналық ұйымдарды, қалпына келтіре емдеу және медициналық оңалту ұйымдарын, сондай-ақ паллиативтік көмек пен мейірбике күтімін көрсететін ұйымдарды қоспағанда стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында стационарлық көмектің шекті көлемдері
№ | Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың атауы | Стационарлық емдеуге жоспарланған науқастар саны |
1. | Ақмола | 106116 |
2. | Ақтөбе | 88629 |
3. | Алматы | 203204 |
4. | Атырау | 60917 |
5. | Шығыс Қазақстан | 205755 |
6. | Жамбыл | 141711 |
7. | Батыс Қазақстан | 86338 |
8. | Қарағанды | 177509 |
9. | Қызылорда | 101046 |
10. | Қостанай | 113484 |
11. | Маңғыстау | 64326 |
12. | Павлодар | 105668 |
13. | Солтүстік Қазақстан | 92711 |
14. | Оңтүстік Қазақстан | 321570 |
15. | Астана қаласы | 127451 |
16. | Алматы қаласы | 193406 |
БАРЛЫҒЫ: | 2 189 841 |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 26 қарашадағы N 799 бұйрығына 2-қосымша
2-қосымша өзгертілді ҚР Денсаулық сақтау министрінің 10.12.2010 № 957 Бұйрығымен (10.11.2010 жылғы редакцияны қараңыз).(01.01.2011 бастап күшіне енеді)
Туберкулезге қарсы, жұқпалы, психиатриялық, наркологиялық медициналық ұйымдарда, қалпына келтіре емдеу және медициналық оңалту ұйымдарында, сондай-ақ паллиативтік көмек пен мейірбике күтімін көрсететін ұйымдардан басқа стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында стационарлық көмектің шекті көлемдері
р/с N | Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың атауы | Стационарлық емдеуге жоспарланған науқастар саны |
1 | Ақмола | 15538 |
2 | Ақтөбе | 15998 |
3 | Алматы | 28972 |
4 | Атырау | 10000 |
5 | Шығыс Қазақстан | 36433 |
6 | Жамбыл | 18890 |
7 | Батыс Қазақстан | 15763 |
8 | Қарағанды | 38528 |
9 | Қызылорда | 11900 |
10 | Қостанай | 17734 |
11 | Маңғыстау | 13380 |
12 | Павлодар | 23171 |
13 | Солтүстік Қазақстан | 15200 |
14 | Оңтүстік Қазақстан | 50514 |
15 | Астана қаласы | 19108 |
16 | Алматы қаласы | 50627 |
БАРЛЫҒЫ | 381756 |
Полная версия