Көлік құралдарының конструкциясы мен техникалық жағдайына қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық кесімдердің, стандарттардың және басқа да нормативтік-техникалық құжаттамалардың сақталуын бақылаудың тиімділігін жетілдіру және арттыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН :
Внимание! Документ утратил силу с 24.04.2013
Ішкі істер органдары жол полициясы бөлімшелерінің көлік құралдарының конструкциясы мен техникалық жағдайын бақылауды ұйымдастыруы жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы Ішкі істер министрінің 2003 жылғы 13 ақпандағы N 87 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 7 наурызда тіркелді. Тіркеу N 2194.
Осы Бұйрық күшін жойды 2013 жылғы 24 сәуірден бастап ҚР Ішкі істер министрлігінің 02.04.2013 жылғы № 217 Бұйрығына сәйкес
Редакция 16.03.2005 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Ішкі істер органдары жол полициясы бөлімшелерінің көлік құралдарының конструкциясы мен техникалық жағдайын бақылауды ұйымдастыруы жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
2. Астана, Алматы қалалары ІІББ-ның, облыстар ІІББ-ІІБ-ның бастықтары:
1) жол полициясы қызметкерлерінің осы Нұсқаулықты зерделеуін қамтамасыз етсін;
2) ішкі істер органдары жол полициясы бөлімшелерінің көлік құралдарының конструкциясы мен техникалық жағдайына қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық кесімдердің, стандарттардың және басқа да нормативтік-техникалық құжаттамалардың сақталуын бақылау жөніндегі жұмысын Нұсқаулыққа сәйкес ұйымдастырсын;
3) көлік құралдарының иелерін (заңды және жеке тұлғаларды) осы Нұсқаулықтың талаптары туралы хабардар ету жөнінде іс-шаралар жүргізсін;
4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 желтоқсандағы N 1329 қаулысының "Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етудің кейбір мәселелері" талаптарына сәйкес автокөлік құралдарын жарыққа шағылысатын материалмен кезең-кезеңмен таңбалау мерзімдерінің сақталуына бақылау орнатылсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ішкі істер вице-министрі, полиция генерал-майоры И.И.Оттаға және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы департаментіне (Б.Н.Өмірзақов) жүктелсін.
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Министр
генерал-полковник
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2003 жылғы 13 ақпандағы N 87 бұйрығымен бекітілген
Ішкі істер органдары жол полициясы бөлімшелерінің көлік құралдарының конструкциясы мен техникалық жағдайын бақылауды ұйымдастыруы жөніндегі НҰСҚАУЛЫҚ
1. Жалпы ережелер
1. Осы Нұсқаулық ішкі істер органдары жол полициясы бөлімшелерінің (бұдан әрі - жол полициясы) жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде көлік құралдарының және оларға тіркемелердің (бұдан әрі - көлік құралдары) конструкциясы мен техникалық жағдайына қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық кесімдердің, стандарттардың және басқа да нормативтік-техникалық құжаттамалардың сақталуын бақылауды жүзеге асыруының тәртібін айқындайды.
Осы Нұсқаулықта мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
көлік құралы конструкциясының өзгеруі - жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпал ететін нақты көлік құралының конструкциясымен көзделген құрамдас бөліктерді және жабдықтардың заттарын алып тастау немесе конструкциямен көзделмегендерді орнату;
көлік құралдарының конструкциясын бақылау - көлік құралдарының конструкциясы мен оларды қосымша жабдықтау заттарының нормативтік-құқықтық кесімдердің, стандарттардың және басқа да нормативтік-техникалық құжаттамалардың талаптарына сәйкестігін тексеру;
Полная версия