Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 30.12.2015
Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді жүзеге асыратын ұйымдарға қойылатын сертификаттау талаптарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 сәуірдегі № 446 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 30 желтоқсаннан бастап ҚР Үкіметінің 25.12.2015 жылғы № 1063 Қаулысына сәйкес
«Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымдарға қойылатын сертификаттық талаптарды бекіту туралы» ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 24.02.2015 жылғы № 196 Бұйрығын қараңыз
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 13-бабының 49) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді жүзеге асыратын ұйымдарға қойылатын сертификаттау талаптары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2011 жылғы 26 сәуірдегі
 № 446 қаулысымен
 бекітілген
Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді жүзеге асыратын ұйымдарға қойылатын сертификаттау талаптары
1. Осы авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді жүзеге асыратын ұйымдарға қойылатын сертификаттау талаптары (бұдан әрі - сертификаттау талаптары) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 13-бабының 49) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Сертификаттау талаптары авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді жүзеге асыратын ұйымдарға (бұдан әрі -  Ұйым) қойылатын талаптарды белгілейді.
3. Осы Сертификаттау талаптарында мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) авиациялық техника - азаматтық әуе кемелері (бұдан әрі - ӘК), олардың жабдықтары, жиынтықтаушы бұйымдары, қозғалтқыштары мен тренажерлер;
2) авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету (бұдан әрі - АТ ТҚ) жөніндегі сыртқы желілік станция - азаматтық әуе кемелерін пайдаланушы оларға техникалық қызмет көрсету үшін құрған және Қазақстан Республикасынан тысқары жерде әрекет ететін желілік станция;
3. рұқсат беруші персонал - әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын, оның жүйесін немесе компонентін оларды АТ ТҚ және Ж орындалғаннан кейін пайдалануға рұқсат беру үшін куәландыратын авиациялық персонал;
4) инженерлік-техникалық персонал - ӘК және/немесе оның компонентін АТ ТҚ және Ж жөніндегі жұмысқа рұқсаты бар авиа маманның жарамды куәлігі бар авиациялық персонал;
5) ұшуға жарамдылық - әуе кемесінің қауіпсіздігі мен ұшу сапасын қамтамасыз ететін ұшу-техникалық сипаттамаларға сай келетін әуе кемесінің техникалық жай-күйі;
6) АТ ТҚ желілік станциясы - Қазақстан Республикасының аумағында АТ ТҚ негізгі базасы орналасқан әуежайдан тысқары кемінде  үш ай мерзімге құрылатын АТ ТҚ жөніндегі ұйымның бөлімшесі;
7) ұшуға жарамдылықта ұстау - ӘК-нің ұшуға жарамдылық талаптарына сәйкестігі және оларды жұмыс істеуінің пайдалану мерзімі бойында қауіпсіз пайдалану үшін қажетті күйде ұстау солар арқылы қамтамасыз етілетін шаралар кешені;
8) жөндеу - ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкес анықталатын авиациялық техниканың ұшуға жарамдылығын қалпына келтіру;
Полная версия
ИС BestProfi