Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуден өтпеген дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды гуманитарлық көмек ретінде Қазақстан Республикасының аумағына әкелу жағдайларын айқындау туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2298 Қаулысы
Осы Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 06.06.2019 жылғы № 380 Қаулысына сәйкес (30.12.2009 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Қаулы күшін жойды 2020 жылғы 27 қазаннан бастап ҚР Үкіметінің 14.10.2020 жылғы № 662 Қаулысына сәйкес
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 6-бабының 23) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының ҮкіметіҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуден өтпеген дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды гуманитарлық көмек ретінде Қазақстан Республикасының аумағына әкелудің мынадай жағдайлары айқындалсын:
1-тармақтың бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 06.06.2019 жылғы № 380 Қаулысына сәйкес (30.12.2009 ж. редакцияны қараңыз)
1) Қазақстан Республикасының аумағында халықтың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын aлу және салдарын жою;