Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексiне және "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Внимание! Документ утратил силу с 10.01.2016
Жер учаскесiн немесе жер учаскесiн жалдау құқығын сату жөнiндегi сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) ұйымдастыру және өткiзу ережесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 13 қарашадағы N 1140 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 10 қаңтардан бастап ҚР Үкіметінің 23.12.2015 жылғы № 1034 Қаулысына сәйкес «Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды), оның ішінде электрондық түрде, ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Ұлттық экономика министрінің 31.03.2015 жылғы № 290 Бұйрығын қараңыз
Редакция 18.03.2008 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса берiлiп отырған Жер учаскесiн немесе жер учаскесiн жалдау құқығын сату жөнiндегi сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) ұйымдастыру және өткiзу ережесi бекiтiлсiн.
2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
1) "Мемлекет меншiгiндегi жер учаскелерiн немесе тұрақты жер пайдалану құқығын сатып алу-сату тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 10 желтоқсандағы N 1511 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., N 51, 491-құжат);
2) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 20 маусымдағы N 760 және 1996 жылғы 10 желтоқсандағы N 1511 қаулыларына толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 3 қарашадағы N 1487 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы 1997 ж., N 48, 447-құжат).
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 13 қарашадағы N 1140 қаулысымен бекiтiлген
Жер учаскесiн немесе жер учаскесiн жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) ұйымдастыру және өткiзу ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже мемлекет меншiгiндегi және жер пайдалануға берiлмеген жер учаскесiн немесе жер учаскесiн жалдау құқығын сату жөнiндегi сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткiзуге және ұйымдастыруға байланысты қатынастарды реттейдi.
2. Осы Ережелерде мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) аукцион - сауда-саттыққа қатысушылардың арасындағы ашық бәсекелестiктi қамтамасыз ететiн жеке және заңды тұлғаларға жер учаскесiн немесе жер учаскесiн жалдау құқығын сатуға бағытталған сауда-саттықты өткiзу тәсiлi;
2) аукционшы - аукцион өткiзетiн тұлға;
3) сауда-саттықтың ағылшындық әдiсi - бастапқы баға алдын ала хабарланған қадаммен неғұрлым жоғары баға ұсынған бiр қатысушы қалған сәтке дейiн көтерiлетiн сауда-саттық әдiсi;
4) екiншi сатып алушы - мөлшерi жағынан екiншi бағаны атаған қатысушы;
5) сауда-саттықтың голландтық әдiсi - бастапқы баға хабарланған қадаммен қатысушылардың бiрi хабарланған баға бойынша объектiнi сатып алуға келiскен сәтке дейiн төмендейтiн сауда-саттық әдiсi;
Полная версия