Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді:
Внимание! Документ утратил силу с 29.08.2016
TACIS бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасынан Ұлттық үйлестірушіні тағайындау туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 27 наурыздағы N 357 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 29.08.2016 жылғы № 488 Қаулысына сәйкес
Редакция 08.05.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. TACIS бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасынан Ұлттық үйлестіруші болып Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Асқар Ерболатұлы Досаев белгіленсін
1-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 19.12.2012 № 1615 Қаулысымен. (26.03.2012 жылғы редакцияны қараңыз); 1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 08.05.2013 жылғы № 470 Қаулысымен (19.12.2012 ж. редакцияны қараңыз)
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "TACIS бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық үйлестірушісі туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 13 қаңтардағы N 49 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 3, 34-құжат);
2) "TACIS бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасынан Ұлттық үйлестірушіні тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 15 қарашадағы N 1712 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 50, 493-құжат).
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Полная версия

