Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 18 наурыздағы N 323 және 2002 жылғы 27 наурыздағы N 357 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы N 66 Қаулысы       
Редакция 29.08.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының Үкіметі   ҚАУЛЫ ЕТЕДІ : 
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) "Басқарушылар кеңестеріндегі Қазақстан Республикасының өкілдерін тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 18 наурыздағы N 323  қаулысында: 
2) тармақшаның екінші және үшінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын: 
"Басқарушы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ербол Тұрмаханұлы Орынбаев,         
Басқарушының орынбасары - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Ғалымжан Олжаұлы Пірматов;";
3) тармақшаның екінші және үшінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын: 
"Басқарушы - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Жәмішев Болат Бидахметұлы,         
Басқарушының орынбасары - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Ғалымжан Олжаұлы Пірматов;";
4) тармақшаның екінші және үшінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын: 
"Басқарушы - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов,         

Басқарушының орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Дәулет Советұлы Саудабаев;";
5) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: 
"Басқарушы - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов,";
2) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақша күшін жойды ҚР Үкіметінің 29.08.2016 жылғы № 488 Қаулысымен (25.01.2008 ж. редакцияны қараңыз)
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Полная версия
ИС BestProfi