2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 34-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Документ показан в демонстрационном режиме!
"Ауыл шаруашылығы министрлігі жүзеге асыратын тіркеуді қоспағанда, көлік құралдарын сенімхат бойынша басқаратын адамдарды тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қазандағы N 1670 Қаулысы
Осы редакция 31.12.2010 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды
1. Қоса беріліп отырған "Ауыл шаруашылығы министрлігі жүзеге асыратын тіркеуді қоспағанда, көлік құралдарын сенімхат бойынша басқаратын адамдарды тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсету стандарты бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қазандағы N 1670 қаулысымен бекітілген
"Ауыл шаруашылығы министрлігі жүзеге асыратын тіркеуді қоспағанда, көлік құралдарын сенімхат бойынша басқаратын адамдарды тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсету стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Осы "Ауыл шаруашылығы министрлігі жүзеге асыратын тіркеуді қоспағанда, көлік құралдарын сенімхат бойынша басқаратын адамдарды тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсету стандарты (бұдан әрі - стандарт) Ауыл шаруашылығы министрлігі жүзеге асыратын тіркеуді қоспағанда, көлік құралдарын сенімхат бойынша басқаратын адамдарды тіркеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) тәртібін айқындайды.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: ішінара автоматтандырылған.
3. Мемлекеттік қызмет "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының негізінде көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызметті осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген ішкі істер органдары жол полициясының тіркеу-емтихан қабылдау бөлімшелері (бұдан әрі - ТЕБ) көрсетеді.
5. Мемлекеттік қызметті аяқтау нысаны көлік құралын сенімхат бойынша басқаратын адамды тіркеу болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет мынадай мерзімдерде көрсетіледі:
өтініш иесі тиісті құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: 1 сағаттан аспайды;
қажетті құжаттарды тапсыру кезінде кезек күтудің ең жоғарғы шекті уақыты: 20 минуттан аспайды;
құжаттарды алу кезінде кезек күтудің ең жоғарғы шекті уақыты: 20 минуттан аспайды.
Полная версия

