«Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңының 4-бабының 2-тармағының 23) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 10.12.2015
Қазақстан Республикасының теңiз көлiгiмен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасын және Қазақстан Республикасының теңiз көлiгiмен жүк тасымалдау қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 823 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 10 желтоқсаннан бастап ҚР Үкіметінің 24.11.2015 жылғы № 941 Қаулысына сәйкес «Жолаушыларды, багаж бен жүктерді тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.04.2015 жылғы № 542 Бұйрығын қараңыз
1. Қоса берiлiп отырған:
1) Қазақстан Республикасының теңiз көлiгiмен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасы;
2) Қазақстан Республикасының теңiз көлiгiмен жүк тасымалдау қағидасы бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 823 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының теңiз көлiгiмен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасы 1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының теңiз көлiгiмен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасы (бұдан әрi – Қағида) «Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы» Қазақстан Республикасы 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңының 4-бабының 2-тармағының 23) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасының теңіз көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау тәртібін анықтайды.
2. Осы Қағиданың қолданысы: теңiз кемелерiне - олардың Қазақстан Республикасының теңiз жолдарымен жүзуi кезiнде; iшкi суда жүзу кемелерiне, "өзен-теңiзде" жүзетiн кемелерге - олардың Қазақстан Республикасының теңiз жолдарымен, өзендерiмен, көлдерiмен, су қоймаларымен және басқа су жолдарымен теңiз портына кiре отырып, жолаушылар мен багажды тасымалдауды жүзеге асыру кезiнде қолданылады.
3. Қазақстан Республикасы арқылы Қазақстан Республикасының теңіз көлігімен халықаралық транзиттік қатынаста жолаушылар мен багажды тасымалдау Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.
4. Қазақстан Республикасының теңiз көлiгiмен жолаушылар мен багаж тасымалы теңiз көлiгiмен тасымалдау шарты негiзiнде жүргiзiледi.
5. Жолаушыны теңiзбен тасымалдау шарты бойынша тасымалдаушы портқа немесе межелі пунктке жолаушыны және жолаушы тапсырған жағдайда багажды тасымалдауға және багажды жолаушыға немесе алуға уәкiлеттi тұлғаға беруге мiндеттенедi, ал жолаушы жол жүргенi үшiн, ал багаж тапсырған кезде – багажды алып жүргені үшiн ақы төлеуге мiндеттенедi.
6. Осы Қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) багаж – теңіз көлігімен жіберу үшін буып-түйілген және жолаушыдан жеке тасымалданатын жүк;
2) каюталық багаж – жолаушының белгiленген мөлшер мен көлем шегiнде өзiмен бiрге алып жүретiн, жинақы буып-түйiлген және каютаға немесе жалпы орындардағы сөрелерге еркiн орналастырылатын заттары.
2. Жолаушылар мен багажды тасымалдау
7. Жолаушыларды теңiз көлiгiмен тасымалдауды тасымалдаушы кесте бойынша ұйымдастырады. Жолаушыларды тасымалдау кестесiн өзгерту туралы тасымалдаушы жаңа кесте күшiне енген күнiне дейiн кемiнде 2 апта iшiнде хабардар етедi.
Полная версия