1. Ұсынылып отырған Шет елге біліктілігін арттыру үшін жіберілетін мемлекеттік қызметшілерді іріктеу жөнінде конкурс өткізу ережесі бекітілсін.
Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 03.09.2007 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Шет елге біліктілігін арттыруға жіберілетін мемлекеттік қызметшілерді іріктеу жөнінде конкурс өткізу ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2005 жылғы 5 ақпандағы N 02-01-02/15 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2005 жылғы 18 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 3449
Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы N 1457 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерін қайта даярлау және біліктілігін арттыру ережесіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН :
2. Мемлекеттік қызметті құқықтық қамтамасыз ету департаменті (О.С. Минаев) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркелуге ұсынсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Ә.А. Көмекбаевқа жүктелсін.
4. "Мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және біліктілігін көтеру үшін жолданатын ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі Төрағасының 2001 жылғы 18 мамырдағы N 02-2-4/81 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін Мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1564 тіркелген, 2001 жылғы 19 шілдедегі N 169 "Казахстанская правда" және 2001 жылғы 25 шілдедегі N 34 "Заң газеті" газеттерінде жарияланған).
5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Төраға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі Төрағасының 2005 жылғы 5 ақпандағы N 02-01-02/15 бұйрығымен бекітілген
Шет елге біліктілігін арттыруға жіберілетін мемлекеттік қызметшілерді іріктеу жөнінде конкурс өткізу ережесі
Осы Ереже Шет елге біліктілігін арттыруға жіберілетін мемлекеттік қызметшілерді іріктеу жөнінде конкурс өткізудің талаптары мен тәртібін айқындайды және Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы N 1457 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру ережесіне сәйкес (бұдан әрі - Қайта даярлау және біліктілігін арттыру ережесі) жасалды.
1. Жалпы ережелер
1. Шетелге біліктілігін арттыруға жіберілетін мемлекеттік қызметшілерді іріктеу жөнінде конкурс (бұдан әрі - Конкурс) мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру құқығын республикалық және жергілікті бюджеттің қаражаты, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі сметасы (бюджет), сондай-ақ өзге қаражаттар есебінен қамтамасыз етеді.
2. Орталық мемлекеттік органдарға, облыстар, Астана мен Алматы қалаларының әкімдеріне шетелде біліктілігін арттыру туралы ақпараттарды мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) жолдайды.
3. Орталық мемлекеттік органдар осы ақпараттарды өздерінің мемлекеттік қызметшілеріне ақпараттық тақталарға хабарландыруды орналастыру, веб-сайт, не электрондық пошта және/немесе қағаз жеткізуші арқылы хабарландыру жіберу жолымен жеткізуді қамтамасыз етеді.
4. Конкурс өткізуге дейін орталық мемлекеттік органдар ашық конкурстық негізде үміткерлерді алғашқы іріктеуін жүзеге асырады. Ол үшін тиісті орталық мемлекеттік органның басшысы оның кадр қызметінің ұсынуы бойынша үміткерлерді алғашқы іріктеу жөнінде комиссия құрады. Аталған комиссияның қанағаттанарлық шешімі уәкілетті органға үміткерді ұсыну үшін негіз болып табылады.
5. Облыстар, Астана мен Алматы қалаларының әкімдері Конкурс туралы хабарландыруды тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағына таралатын мерзімдік баспасөз басылымдарында жариялауды қамтамасыз етеді.
2. Конкурстық комиссияны құру
6. Конкурсты конкурстық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) өткізеді.
7. Қаражат есебінен Шетелге біліктілігін арттыруға жіберілетін үміткерлерді іріктеуді жүзеге асыратын Комиссияның персоналдық құрамы:
Полная версия