Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 03.09.2015
Электр станцияларының және жылу желілерінің жылу-механикалық жабдықтарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 қазандағы № 1356 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 3 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 21.08.2015 жылғы № 657 Қаулысына сәйкес
«Электр станцияларының және жылу желілерінің жылу-механикалық жабдықтарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларын бекіту туралы» ҚР Энергетика министрінің 20.02.2015 жылғы № 122 Бұйрығын қараңыз
«Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 4-бабының 15) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Электр станцияларының және жылу желілерінің жылу-механикалық жабдықтарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2012 жылғы 24 қазандағы
 № 1356 қаулысымен
 бекітілген
Электр станцияларының және жылу желілерінің жылу-механикалық жабдықтарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидалары
Қағидаларды қолдану саласы және тәртібі
1. Осы электр станцияларының және жылу желілерінің жылу-механикалық жабдықтарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 15) тармақшасына сәйкес әзірленген және электр станциялары мен жылу желілерінің жылу-механикалық жабдықтарын пайдалану кезінде қауіпсіздікті ұйымдастыру жөніндегі талаптарды белгілейді.
2. Осы қағидалар Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан сумен жабдықтау жүйесінің жылу-күші, механикалық және су даярлау жабдықтарын, жылу автоматикасы мен өлшеу құрылғыларын, отын-көлік, қазандық, турбиналық және химиялық цехтарын, қолданыстағы және қайта жаңғыртылатын электр станцияларын, жылу желілерін, жылу пункттері мен жылу қазандықтарын пайдалану, жөндеу және сынау жұмыстарын атқаратын тұлғаларға арналған.
3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) айналмалы механизмдер – электр немесе өзге де жетектері бар сорғылар, желдеткіштер, түтін сорғыштар, диірмендер, қоректендіргіштер уатқыштар және т.б.;
2) әкімшілік-техникалық персонал – жабдықтарды пайдаланумен айналысатын және жөндеу қызметтерін көрсететін цехтар мен аудандардың басшылары, учаскелердің бастықтары, кәсіпорын зертханаларының бастықтары, олардың орынбасарлары, инженерлері, техниктері, шеберлері;
3) биіктіктегі жұмыстар – жұмысшы жердің, аралық жабынның немесе жұмыс төсемінің бетінен 1,3 метрден астам биіктікте және биіктігі бойынша деңгей айырмасының шегінен 2 метрден кем арақашықтықта болған кезде орындалатын жұмыстар;
4) бригада – жұмыс өндірушіні қоса алғанда, құрамында 2 немесе одан астам адамы бар бригада;
5) газ қауіпі бар орындар – жұмыс аймағы ауасының құрамында концентрацияның шекті нормасынан жоғары зиянды заттар болуы мүмкін немесе жарылу қаупі бар қоспа пайда болуы мүмкін үй-жайлар (құрылыстар, учаскелер және басқалары);
6) жабдықпен қызмет көрсету - жабдықты пайдалану, жөндеу және сынау, сондай-ақ оларды іске қосуды реттеу жұмыстары;
7) жарылғыш клапан – белгіленген қысымның артуы кезінде қазандықты тұтату элементтері, шаң жүйесінің бұзылуының алдын алу құрылғылары;
Полная версия
ИС BestProfi