Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 28 қарашадағы № 438 Жарлығы
Редакция 10.09.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Мемлекет басшысының 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 30 қаңтардағы № 261 Жарлығын іске асыру мақсатында қаулы етемiн:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасы бекiтiлсiн.
2. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне жүктелсiн.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы
 Президентінің
 2012 жылғы 28 қарашадағы
 № 438 Жарлығымен
 бекітілген Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту
 ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
1. Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың пайымы
2. Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды ұйымдастырудың және қызметінің негізгі қағидаттары
3. Тұжырымдаманы іске асыру көзделетін нормативтік-құқықтық актілердің тізбесі
Кіріспе Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасы (бұдан әрі – Тұжырымдама) «Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың, жергілікті дамудың барлық мәселелерін шешуге азаматтардың қатысуын кеңейтудің маңызы зор» екендігі аталып өткен «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес әзірленді.
Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін дамыту экономикалық өркендеудің, әлеуметтік әл-ауқаттың және азаматтық қоғамды қалыптастырудың міндетті шарттарының бірі болып табылады.
Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқарудың қалыптасуы – бұл мемлекет институттары мен азаматтық қоғамның дамуымен, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының жалпы деңгейімен, жергілікті халықтың өміріне тікелей әсер ететін басқа да факторлармен және жағдайлармен байланысты көп кезеңді және серпінді процесс.
Қазіргі уақытта жергілікті өзін-өзі басқаруды ұйымдастыру мен жүзеге асыруда бірқатар проблемалы мәселелер орын алып отыр. Әлемнің дамыған елдерінде жергілікті өзін-өзі басқару бірнеше кезеңде қалыптасқаны және бұл процесс тарихи ұзақтығымен сипатталатыны белгілі. Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқару проблемаларын шешу тәсілдері де пысықталуда және негізгі мәселе біздің еліміздің жағдайы мен болмысына сәйкес келетін жергілікті өзін-өзі басқару моделі параметрлерін айқындауға келіп тіреледі. Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қалыптасуы мен дамуы процесі салыстырмалы түрде жақында басталды. Заңнама базасын, қолдану практикасын қайта қарауда, басқару жүйесін түзетуде және халықтың таным-түсінігін өзгертуде үлкен жұмыс күтіп тұр.
1. Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың пайымы
Полная версия
ИС BestProfi